astana-view

Ұлттық банк қолма-қолсыз төлемдерге банк мөлшерлемесін төмендетті

2020 жылғы 13 Сәуір
3818 просмотров

Қазақстан Ұлттық Банкі банктер төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау үшін алатын комиссияның төмендетті

Өзгерістер 2020 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді және маңызды әлеуметтік мәні бар мынадай экономиканың жекелеген салаларын қозғайды: білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындарына, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы сервистері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер. Елде төтенше жағдайдың енгізілу, коронавирус пандемиясының таралу жағдайларында осы салаларға қолдау көрсету уақтылы және маңызды болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі осы өзгерістерді қабылдау үшін халықаралық төлем жүйелерімен және екінші деңгейдегі банктермен қажетті жұмыс жүргізді. Бірлескен жұмыстың, талдау мен талқылаулардың нәтижесі бойынша жаңа сегменттер айқындалды, 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Visa және  Мastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе - 1%-ға дейін, фармацевтика сегментінде – 1,3%-ға дейін төмендетеді.

Сауда комиссиясын төмендету бастамасын төлем карточкалары нарығының негізгі қатысушылары қолдады. Олардың қатарына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «АТФБанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ кірді. Аталған екінші деңгейдегі банктерге эквайрингтік қызмет нарығында (төлем карточкасын пайдалан отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету) жиынтығында 96% тиесілі.

Жоғарыда аталған қаржы институттары сауда (эквайрингтік) комиссиясын орташа алғанда 35%-ға (2,3% ағымдағы орташа мәннен транзакция сомасының 1,5%-ы орташа мәніне дейін) төмендетеді. Сауда комиссиясын төмендету кәсіпкерлер мен азаматтарға банктік комиссия бойынша өз шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.

 Банкаралық және сауда комиссиясын төмендету жөніндегі бірлескен шаралардың нәтижесі бизнес субъектілері шығыстарының нақты үнемделуі ретінде жылына 2 млрд теңге деңгейінде болжанады. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар жеке қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды одан әрі дамыту үшін жағдайларды елеулі түрде жақсартады және «көлеңкелі экономиканың» көлемі қысқаруына оң әсер етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер