astana-view

Құрылысшылар «Нұрлы Жер» бағдарламасына ұсыныстар енгізді

2020 жылғы 15 Сәуір
5373 просмотров

Осыған дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын (ары қарай – Бағдарлама) іске асыру барысын қарастыру бойынша Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  құрылыс маусымын дер кезінде бастау, тұрғын үйдің жоспарланған көлемін енгізу және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырды

 «Атамекен» ҰКП онлайн-алаңында 10 және 14 сәуірде Бағдарламаны және құрылыс саласы үшін дағдарысқа қарсы шараларды талқылау өтті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен құрылымды пікірталасқа барлық өңірлерден бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

 Талқылау барысында келесі келісімдер жасалды:

  1. бизнес Бағдарлама шеңберінде несиелік тұрғын үй бойынша бағалық параметрлерді ұлғайту бойынша шараларды қолдады, осы ретте шаршы метрдің көрсетілген құнына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және көркейтуді жұмыстары кірмейді;
  2. құрылыс қоғамдастығы аталған бағадан паркингтерді салу шығындарды алып тастауды ұсынды;
  3. тиісті мақсаттағы жер учаскесі бар немесе көпқабатты тұрғын үй құрылысына немесе салынып жатқан құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттамаға ие адамдарға Бағдарламаға қатысу бойынша жеке бастаманы іске асыру мүмкіндігін беру бойынша шаралар қолдау тапты;
  4. ҰКП «Тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың «5-10-20» бағдарламасын іске асыруға қосымша ақша бөлу бойынша ұсынысын қолдады, өйткені аталған бағдарлама аяқталған / салынып жатқан тұрғын үйлерді сатудың қосымша көздерін түзейді. Осы ретте дайын тұрғын үйдің параметрлері қарыздың максималды сомасына қарай өзгереді;
  5. Құрылысшылар «7-20-25» ипотекалық бағдарлама параметрлерін, қайта қарау, атап айтқанда қарыз сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы пікірлерін білдірді.

Осы ретте ҰКП қарыз алушылар үшін ай сайынғы төлем мөлшерін, оның ішінде бастапқы жарнаның құнын 30-50%-на дейін көбейту арқылы шектеудің нұсқаларын талқылауға дайын. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, өзара тиімді механимздерді әзірлеу ұсынылуда.

 Сондай-ақ жиын барысында қатысушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына бағдарлама шартына сәйкес келу өте қиын, өйткені аталған қалаларда көпқабатты тұрғын үйлерді салу өңірлерге қарағанда қымбатқа түседі (жердің нарықтың қымбатшылығы, инженерлік-инфрақұрылымды өткізу қамбатшылығы, 1 шаршы метрдің құнына әсер ететін басқа да факторлар). Өйткені Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көпқабатты тұрғын үйлерді салуға қатысуының үлес салмағы 50%-ды құрайды. Бұл қалаларға Бағдарламада ерекшеліктерін ескере отырып, осы қалаларда тұрғын үйлер салу және сату шарттары мен тетіктерін қарастыратын жекелеген бөлім әзірленуі тиіс.

Сәйкес ұсыныстар ҚР Индустрия және инфрқаұрылымдық даму министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер