astana-view

Aviata орындалмаған рейстер бойынша билеттер құнын қайтару кестесін жариялады

2020 жылғы 20 Сәуір
5670 просмотров

 Аviata.kz ресурсы әр авиакомпанияның төлемдер кестесі бойынша өзекті ақпаратты табуға болатын парақшаны іске қосты

  Портал ақпараты бойынша сәуірдің өзінде Қазақстанда авиа және темір жолмен 4,3 мың рейс жасалған.  

  Бір ай ішінде компанияға билет ақшасын қайтару бойынша 130 мың өтініш, 120 мың телефон қоңырауы, 100 мың хат келіп түскен. Қайтарым қаражаттың жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды. Билеттердің құның жолаушылардың 15%-ы қайтарып үлгерді, қалған жағдайда барлығы тасымалдаушыға байланысты болып отыр.  

  «Эйр Астана» – 16-18 наурыз аралығындағы алынып тасталған рейстер, сондай-ақ 19 наурыздан 12 сәуір аралығындағы ерікті қайтару бойынша қаражат клиенттерге қайтарылды. Басқа даталар бойынша қайтарым мерзімі алдағы уақытқа жоспарланған;  

  «Fly Arystan» – бір күн қосымша бір апталық шегерімге тең. Яғни 9 сәуірде 16 наурыздағы қаражаттар қайтарылды, ал 16 сәуірде - 17 наурыздың қаражаты қайтарылған. Осылайша, 31 наурызға дейін қайтарымды төлеу 14 апта бойы жүргізіледі;  

  «SCAT», «Turkish Airlines», «Pegasus» – қаражатты қайтару  ұшу науқаны басталғаннан соң орындалады. «Turkish Airlines» бойынша – ұшу науқаны басталғаннан соң 60 күннен кейін орындалады. 21 наурызға дейін рәсімделген қайтарымдар төленіп қойылды. «Pegasus» 26 наурызға дейін төленіп қойды;  

  «Qazaq Air» – билеттер бойынша қайтарымды 31 наурызға дейін орындап қойды. Ары қарайғы даталар бойынша төлем кестесі мақұлданатын болады;  

  «Aeroflot», «МАУ», «Lufthansa», «Swiss», «Austrian Airlines», «Brussel Airlines», «United Airlines» – қайтарымдар 21 наурызға дейінгі даталарға орындалып қойды. Қалған даталар мерзімі әзірге берілмеді;  

  «S7 Airlines», «Etihad Airways», «Ural Airline»s, «Победа», «Malaysia Airlines», «Air Canada», «Fly Dubai», «Emirates», «Qatar Airways», «Wizzair», «Air Asia» –  қайтарым компания ваучері немесе баллына ғана мүмкін;  

  «Azerbaijan Airways» – қайтарым мүмкін емес. Билеттер күнін ауыстыру ғана қарастырылған;    

  «Belavia», «Uzbekistan Airways», «Asiana», «Air Baltic» – авиакомпаниялар билет құнын қайтаруды 30 мартқа дейінгі даталар бойынша орындап қойды. Ары қарайғы кесте әзірге берілмеді;   

  «Bek Air» – авиакомпания қызметі тоқтатылған. Компания активтері бұғатталған. Қызмет көрсету клиенттерге қарыз қайтаруға мүмкіндік жоқ.  Тергеу жұмыстары жүргізіліп, одан кейін төлем қайтару күтілуде.   

  Теміржол билеттеріне қатысты - билеттердің 80%-ы бойынша құны клиенттерге қайтарылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер