astana-view

«Атамекен» «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарастыруда

2020 жылғы 21 Сәуір
5484 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті

 Заң жобасының мақсаты Армения Республикасы, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан 2018 жылдың 1 маусымында Душанбе қаласында қол қойған мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау болып табылады.

 Келісімнің негізгі масқаттары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдаған мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттарды таратудың бірыңғай қағидаттарын жасауға бағытталған іс-шаралар  болып анықталған.

  Заң жобасымен танысуды ұсынамыз, ұсыныстар және/немесе ескертпелер болса, мына телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: 8 (708) 549 57 42, g.mukyzhanov@atameken.kz.

Жоба мәтіні  мында 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер