astana-view

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

2020 жылғы 27 Сәуір
2764 просмотров

1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені қамтиды. Мұндай мәліметтерді Ақорда сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мәлімдемесінде айтты

«Бүгінде шағын және орта бизнес күрделі жағдайға тап болды. Осы салаға қазір көмектеспесек, экономиканы қалпына келтіре алмаймыз. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады. Шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетіледі. Қазір олардың тізімі жасалуда. Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізілетінін айтты.

 Мәлімдеменің толық мәтіні МЫНДА

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер