astana-view

Қызылордада 20 122 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 6 айға салықтық төлемдерден босатылды

2020 жылғы 27 Сәуір
- Қызылорда облысы
4760 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Президенттің экономиканы тұрақтандыруға қатысты берген тапсырмасына сәйкес 20 сәуірде Үкіметтің қаулысы шықты. Аталмыш қаулы аясында кәсіпкерлік субъектілері бірқатар салық түрлерінен босатылып, мемлекеттік қолдауға ие болды.

Атап айтқанда, микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 29 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (қазақ тілінде ЭҚЖЖ, орыс тілінде ОКЭД) бойынша 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі мерзімге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері 10 ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімге төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан, жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығынан, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардан босатылды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.

Осы ретте, облысымыздың микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімдері 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, облыстық кірістер департаментінің ақпараты бойынша аймақта 20 122 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығында бірқатар салық төлемдерінен босатылды.

Атап өтетін болсақ:

- 501 кәсіпкер мүлік салығынан;

- 47 ауылшаруашылығы өнімін өндірушу кәсіпкер жер салығынан;

- 3 745 кәсіпкер әлеуметтік салықтардан;

- 1 603 кәсіпкер жалақыдан төленетін жеке табыс салығынан;

- 7 171 кәсіпкер міндетті зейнетақы жарнасынан;

- 7 055 кәсіпкер әлеуметтік аударымдардан босатылды.

Назарларыңызға 1 сәуірден 1 қазанға дейін салықтан босатылған кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін ұсынамыз (29 ЭҚЖЖ/ОКЭД):

45.11.2 - Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.11.3 - Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.20 -       Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.32.1 - Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

45.32.2 - Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

47 - Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда)

49.4 - Жүк  автомобиль  көлігінің  қызметі  және  көшу  бойынша қызметтер ұсыну

51.10 - Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

52.23.2 - Әуежайлар қызметі

55.10 - Қонақ  үйлердің  және  тұруға  арналған  ұқсас  орындардың қызметтерін ұсыну

56.10 - Мейрамханалар     қызметі     және          тамақ        өнімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну

58.2 - Бағдарламалық қамтылымды шығару

59.14 - Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

62.01 - Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

68.20- Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын  мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда-ойын- сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру

69.10 - Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, оның ішінде өзі үшін туындаған міндеттемелер бойынша қызметкерлер болмаған жағдайда)

70.22 - Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша басқа да консультациялар беру

71.20.1 - Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

79.1 - Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

85.10 - Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

85.20 - Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

85.30 - Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

86.10 - Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар)

86.10.3 - Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі

86.2  - Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)

90.04 - Концерттік және театр залдарының қызметі

93.13 - Фитнес-клубтардың қызметі

96.01 - Тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және химиялық тазалау

96.02 - Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі.

1 сәуірден 1 шілдеге дейін салықтан босатылған кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін ұсынамыз (10 ЭҚЖЖ/ОКЭД):

45.11.2 - Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.11.3 - Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.20.1 - Жол бойындағы белдеулерде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары көрсететіндерден басқа, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

45.32.1 - Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

45.32.2 - Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

47 - Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, ірі сауда желілері және стационарлық сауда объектілері, сауда алаңы 2000 ш.м. астам сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда)

51.10         - Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

55.10         - Қонақ  үйлердің  және  тұруға  арналған  ұқсас  орындардың қызметтерін ұсыну

56.10         - Мейрамханалардың  қызметі  және  тамақ  өнімдерін  жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну

68.20 - Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер