astana-view

Ақмолалық кәсіпкерлер дағдарысқа қарсы шараларды талқылады

2020 жылғы 28 Сәуір
- Ақмола облысы
33826 просмотров

Бүгін Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің онлайн отырысы өтті

Күн тәртібінде – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған дағдарысқа қарсы шараларды талқылау.  Бұл іс-шаралар кешені, олардың қатарына қолдаудың жалпы жүйелік шаралары (салықтық ауыртпалықты төмендету, жеңілдікпен қаржыландыру, өткізуді қолдау, субсидиялар), сондай-ақ салалық құралдар енген.

 Жолаушылар тасымалы саласын қолдауды «Көкшетау автобус паркі» ЖШС бас директоры Әсия Шаримова ұсынды. Оның пікірінше, бұл сала бүгінде субсидиялауға мұқтаж.

 «Бізде есептік және жол жүруге бекітілген тариф арасында айырмашылық мәселсі бар. Тариф 80 теңгені құрайды, ал адамдарды тасымалдау бір бірлікке  120-130 теңгеге айналады, осы айырмашылықты жергілікті атқарушы органдар өтеп беріп, саламызды субсидиялауды бюджетке қосуы керек. Егер субсидия берілсе, барлық мәселелер шешілер еді», – деп санайды Әсия Шаримова.

«Стерх» ЖШС директоры  Вадим Лукаштың пікірінше, экономиканың нақты секторын «арзан ақшамен» қолдау керек, бұл дегеніміз еңбекақы бойынша салықты жеңілдету, өндірушілерге ішкі нарыққа барынша қол жетімділікті қамтамасыз ету және біздің еліміз өндіре алатын импорттық өнімді шектеу. Бизнесмен  нарық қатысушылар арасында қарым-қатынастарды реттеуге көмектесетін сауда туралы заң қабылдау қажеттігін айтты.

 Еске салсақ, қазіргі кезде ҰКП бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау шараларын талқылауда. Мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Барлық келіп түсткен ұсыныстарды «Атамекен» жинақтап, Үкімет қарауына жіберуді көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер