astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысындағы 100 инвестициялық жобаның тұсаукесерін өткізеді

2014 жылғы 16 Сәуір
14029 просмотров

18 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі облыстық Кәсіпкерлер палатасы және «Шымкент инновация» компаниясымен бірлесе отырып, ОҚО инвестициялық жобаларының көрмесін ұйымдастырады, деп хабарлайды Palata.kz.

Шараның мақсаты - облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін, жобалары мен бизнес-идеяларын таныстыру. Сондай-ақ көрме бизнес-байланыстарды орнату үшін диалогтық алаң болады.

Шара даму институттары мен қаржы ұйымдары өкілдерінің, шетелдік және өңірлік инвесторлардың, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеттері басшыларының қатысуымен өтеді.

Көрме бағдарламасы бойынша ОҚО аумағында жүзеге асырылатын 100 инвестициялық жоба мен бизнес-идея таныстырылады.

Сонымен қатар барлық қатысушылардың индустриалдық, туристік, агроиндустриалдық және сауда-логистикалық аймақтан жер телімдерін тегін алуға, инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруға және жер қойнауын пайдалану құқығын конкурссыз алуға өтінім беруге мүмкіндіктері болады.

Сондай-ақ шара қажет кеңестер алу мен жобаны «бір терезе» принципі бойынша сүйемелдеуді қарастырады.

Көрме 2014 жылы 18 сәуірде сағат 09.00 мен 18.00 аралығында мына мекен-жай бойынша өтеді: Шымкент қ., Астана даңғ., «Көрме орталығы». Анықтама телефондары: +7 (7252) 99 80 20, +7 701 8000 951 (Мәдина Сауранова), e-mail: m.sauranova@palata.kz, shymkent@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер