astana-view

Ақтауда «Атамекен қабылдауы» атты арнайы кабинет ашылды

2020 жылғы 26 Мамыр
- Маңғыстау облысы
2908 просмотров

«Атамекен қабылдауы» кабинеті Маңғыстау облысы сотының ғимаратында орналасқан. Шараға Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айдарбек Тленов, аталған соттың судьясы Гаухар Метеркулова, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Болат Қалиев және МО кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрағасы Шымбай Сұлтанов қатысты

Кабинет «Атамекен» ӨКП мүшелерінің және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қабылдауын өткізуге арналған.

Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен бизнес- омбудсменнің өңірлік өкілдері кезекшілік етіп, консультативтік көмек көрсететін болады.

Мұндай формат дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.

Осылайша, заңды тұлғалар, атап айтқанда бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдар кез келген даулы мәселелер бойынша қабылдау жүргізетін сарапшылардың көмегіне жүгіне алады және соттан тыс даулы жағдайларды шеше алады.

«Кабинет әрбір кәсіпкер мен заңды тұлға өкіліне дәл осы жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге , сонымен қатар, бизнес саласындағы дауды реттеуге мүмкіндік береді», – деді сот төрағасы Айдарбек Тленов.

«Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, сотқа дейінгі реттеу бойынша бірлескен жұмыс аясында осындай кабинеттерді ашуға бастамашылық жасады, өйткені бизнес субъектілері арасындағы даулар бойынша талап арыздардың өсетінің түсінеміз. Кабинеттің негізгі қызметі кәсіпкерлік субъектілеріне және мемлекеттік органдарының өкілдеріне құқықтық көмек көрсету бойынша дауларды реттеу  және оның аясында медиация қызметін көрсету болып табылады. Бизнес-омбудсмен өңірлік сала кеңесінің өкілдері кезекшілік пен аптасына 2 рет жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, бизнес-омбудсменнің аймақтық кеңсесінен алыстан кезекшілік қызмет көрсету мәселесін пысықтауға болады», – деп атап өтті Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Болат Қалиев.

Ал, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрағасы Шымбай Сұлтановтың айтуынша, кәсіпкерлік субъектілердің қатысуымен дауларды сотқа дейін реттеу, сот органдарының қатысуынсыз шешу тараптардың мәселесін қарастыру- негізгі мақсат. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер арасында шаруашылық бағыттағы дауларды уақытты үнемдей отырып, қандай да бір сот шығындарын болдырмай шешу үшін аса қажет.

«Атамекен қабылдауы» кабинеті Ақтау қаласы 8 ш/а Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында әр сейсенбі мен бейсенбіде өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер