astana-view

Түркістанда қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады?

2020 жылғы 27 Мамыр
- Түркістан облысы
6644 просмотров

Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс жасайтын түркістандық кәсіпкерлер жұмыстарын жандандыруды сұрайды

 Түркістанда қөпшілік тамақтанатын нысандар: кафе, мейрамхана, асханалар, барлар  ашылмайтын болды. Оған облыста коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейіп кеткені себеп болған.

Кейбір әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары және спорт залдар ашылады деген хабарламаға сеніп, дайындыққа кірісіп кеткен түркістандық кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтып, наразылық білдіруде.

Айта кетейік, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың 24 мамырдағы қаулысына сәйкес эпидемиологиялық жағдайға байланысты көпшілік тамақтанатын орындар ашылуына тыйым салынып, кейінге шегерілген болатын. Дегенмен, қаулыда тамақты тапсырыспен жеткізу бойынша жұмыс жасауларына рұқсат етілген.

Қоғамдық тамақтану саласына қойылған шектеуді алып тастауды ерте санаған әкімдік қызметкерлерінің бұл шешіміне келіспеушілік білдірген бір топ кәсіпкерлер облыстық әкімдікке жиналып, жұмысын жандандыруға рұқсат беруді сұрады.

Әкімдік аумағында жоспарсыз өткен жиынға Бас санитарлық дәрігердің өзі келіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Айтуынша, облыста коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асқан және бұл шектеулер облыста жұқтыру өсімі 7%-дан асқандықтан енгізілгендігімен түсіндірді.

          «Екі айдан аса уақыт жұмыстарымыз тоқтап тұр. Басқа өңірлерде тамақтану орындары ашылып, қызмет көрсетуде. Облыста көптеген сауда нысандары да жұмыстарын жалғастыруда. Бізде басқа өңірлердегідей тапсырыспен жұмыс жасау жүйесі дамымаған. Қазір шығынға батып, кәсіптеріміз жабылу шегінде тұр.  Біз тек барлық талаптарды орындап, жұмыстарымызды бастауға рұқсат берулерін ғана сұраймыз»,-дейді кәсіпкерлер.

          Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан қажетті ұсыныстарды Республикалық санитарлық дәрігерге жеткізіп, кәсіпкерлерді қолдайтындытарын жеткізді.

  «Жалпы, тек қана біздің өңірде ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлер бизнестерін қайта іске қосуды талап етуде және ол талап ерекше мәжбүрліктен туындап отырғаны анық. Бұл жағдайда қауіпсіздікті ойлап отырған биліктің де позициясын түсүнуге болады. Алайда, бұл пандемия бір айлық науқан емес. Кәсіпкерлік нысандар қайта іске қосылмаса шығынға ұшырап, мыңдаған адамдар жұмызсыз қалуы әбден мүмкін. Қазір көптеген бизнес нысандарының құпия түрде қызметін жасап отырғандықтары белгілі болуда. Ол дегеніміз, санитарлық нормалар бақылаусыз қалып, жемқорлықтың пайда болуына жол ашуда»,-деген Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нахыпбеков орталықтандырылған режимде келесі шараларды қолдану қажеттілігін айтты:

1. Нақты әрі орындауға мүмкін санитарлық нормаларды барлық салалар бойынша бекіту.

2. Жылдар бойы толыққанды форматта жүрмей отырған кәсіпкерлердің өзін өзі реттеу (СРО) ұйымдарын құрып, сантарлық нормалардың қалағалануына қатыстыру.

3. Санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға, кәсіпкерлік обьектіеріне қатаң талап қою.

          Бұл талаптармен көптеген кәсіпкерлік нысандар іске қосылса, жаппай жұмыссыздық пен жемқорлықтың алдын алатындығы сөзсіз. 

 Сонымен қатар, осы және өзге де ұсыныстар Палата алаңында инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және объектілерді бақылау басқармасының басшысы Марал Рахымжановамен бейнебайланыс арқылы өткізілген жиында да талқыланды. 

Жақын арада кәсіпкерлердің бұл мәселелері оң шешімін тауып, облыста дәмханалар мен мейрамханалар қызметі қайта жанданады деп күтілуде.  

Айта кетейік, Түркістан облысында 5 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтыған 500-ден аса тамақтану орындары бар.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер