astana-view

Алматыдағы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша ТОП 15 сұрақтың жауабы

2020 жылғы 03 Маусым
- Алматы қаласы
17707 просмотров

Бұл сұрақтарға Алматы қаласы бойынша жоба жетекшісі Қуанышбек Ерниязов жауап береді

«Бастау-Бизнес» жобасы дегеніміз не?

- Бұл кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту болып табылады. Бұл «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобасы. Оның мақсаты жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жоба қатысушылары бизнес-жаттықтырушылардан бизнес жүргізу бойынша дағдыларды алады, сарапшылардан кеңестер мен шеберлік сыныптарын алады, бірлескен маркетингтік зерттеулер жүргізеді, бизнес-жоспарлар жазады және өз жобасын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады. 2017-2019 жылдары Қазақстан бойынша 118 мыңнан астам адам оқытылып, 45 мыңға жуық жұмыс орны және 30 мың шағын бизнес субъектісі ашылды. Осы тұста атап өту керек, жоба түлектерінің 92 % салық төлейді. Үш жыл ішінде біздің тыңдаушылар тарапынан жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеге салық төленді.

 

Осы жоба бойынша бизнеске тегін кімдер оқи алады?

- Оқуға қатысушылар жұмыссыздар бола алады, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, оның ішінде:

- ауылдық жерлерде, қалаларда, оның ішінде моно - және шағын қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер санатындағы адамдар, егер медициналық қорытындыға сәйкес, олардың денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамаса немесе олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі елу жастан асқан адамдар;

- жастар, оның ішінде NEET санатындағылар;

- аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері;

- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, зәкірлік кооперацияға қатысушыларды қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтарының мүшелері;

- қоныс аударушылар мен қандастар.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатысады:

- жаңадан бастаушы және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

- зейнет жасына жетпеген жұмыстан қысқартылған адамдар;

- тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ әрекетсіз жеке кәсіпкерлер;

- отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар;

- сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы учаскелерінде тауарларды өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар;

- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер қатыса алады ма?

- Иә, қатыса алады. Жобаға қатысуға өтінімдерді жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бере алады, мыналарды қоспағанда:

- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өндірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

- «Талдауға жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес талдауға жататын ірі салық төлеушілердің тізіміне енетін металлургия саласындағы жобаларды іске асыру;

- қиыршық тас және құмды карьерлерді қазу жобаларын қоспағанда, өз қызметін тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

- әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар немесе мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер болып табылатын құрылтайшылар, оның ішінде қатысушылар, акционерлер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;

 

Жұмыстан қысқартуға түскен адамдар қатыса алады ма?

- Иә, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған қызметкерлер оқи алады.

 

Бірыңғай жиынтық төлем (өзін-өзі жұмыспен қамтыған) төлеушілер қатыса алады ма?

- Иә, жобаға жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша өз бетінше жұмыс жасайтын адамдар қатыса алады.

 

Көп балалы аналар қатыса ала ма?

- Көп балалы аналар да, көп балалы отбасылар да қатыса алады.


Аз қамтылған отбасы мүшелері қатыса ала ма?

- Иә, жоба бойынша аз қамтылған отбасы мүшелері оқи алады.



Мүгедектігі бар адамдар қатыса алады ма?

- Иә, медициналық қорытындыға сәйкес, олардың денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамаса немесе олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, олар қатыса алады.

 

Қатысушылар үшін жас шектеулері бар ма?

- Иә, бар. 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдар жобаның қатысушылары бола алады.

 

«Бастау Бизнес» жобасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет және қайда тапсыру керек?
- Ең алдымен, Назарбаев даңғылы, 50, 1 қабат мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, онда олар жоғарыда аталған категориялардың бірінің сәйкестігін растауы керек. Үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда жұмыспен қамту орталығы оқуға жолдаманы қолма-қол береді. Осыдан кейін өтініш беруші жолдаманы және жеке куәлігін сканерлейді және онлайн өтінішті https://atameken.co/ru/course-bastau сілтемесі бойынша дербес ұсынады. Қосымша сұрақтар немесе қиындықтар туындаған жағдайда үміткер оқуға жолдамамен және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Жібек Жолы даңғылы, 135, 8 қабат, 2 блок.

 

Биыл жоба бойынша қанша адам оқи алады?

- Ағымдағы жылдың соңына дейін 2600 адамды оқыту жоспарда бар.

 

Қашықтықтан оқуға бола ма?

- Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту биылғы жылы онлайн түрде жүргізіледі. Карантин жойылған жағдайда жоба бойынша офлайн оқытуды бастауды жоспарлап отырмыз. Оқудан сәтті өткен тыңдаушылар мемлекеттен өтеусіз гранттар бөлу байқауына қатысуға құқық беретін сертификат алады: Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан 200 АЕК (555 600 теңге) мөлшерінде және кәсіпкерлік басқармасынан 5 000 000 теңгеге дейінгі инновациялық гранттар байқауына; сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерден, қаржы институттарынан 8000 АЕК-ке дейінгі 6% мөлшеріндегі жеңілдетілген несиелер алуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Оқу басында біз тыңдаушылардың құзыреттілік деңгейін анықтау үшін олардың білімін өлшеуді жүргізетінімізді атап өткім келеді. Оқыту барысында аралық тестілеу болады, ол ақпаратты меңгеру деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл жаттықтырушыға да, оқуға қатысушыға да пайдалы. Егер адам екі рет аралық тесттен өтпесе, онда ол топтан шығарылады.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі қашан?

- Мерзімі бойынша шектеу жоқ, әркім кез-келген уақытта порталға кіріп, жеке куәлігінің көшірмесін және жұмыспен қамту орталығынан жолдаманы жүктеп, оқудан өте алады. Қазіргі уақытта бір оқытушы бір мезгілде 100 адамға дейін оқыта алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, бірақ сіз оқуды мерзімінен бұрын аяқтай аласыз. Онлайн оқу үшін стипендия есептелмейтіндігін атап өткім келеді.

 

Грантты кімдердің алуға мүмкіндігі бар?

- Грантты алу үшін Алматыда тұрақты тұруға рұқсатының болуы және жеке кәсіпкерлігінің тіркеу мерзімі 1 жылға дейін, сондай-ақ,  «Бастау Бизнес» жобасының аяқталғаны туралы сертификаты болуы қажет.

Өткен жылғы қатысушылар байқауға қатысып, грантты ұтып алуға мүмкіндіктері бар ма?

- Ия, әрине.

Өткен жылғы қатысушылар байқауға қатысып, грант ұтып ала ала ма?

- Ия, әрине.

Толық ақпаратты алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП call-орталығының 1432 нөміріне немесе Алматы қаласы бойынша 8 (727) 3310133 телефонына хабарласуға болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер