astana-view

Ақмолалық кәсіпкерлер «егістіктен – дүкен сөресіне дейін» өндірісін жолға қойды

2020 жылғы 04 Маусым
- Ақмола облысы
33976 просмотров

Ақмола облысы Степногорск қаласының төрт кәсіпкері бірлесіп, «егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобаны енгізуде. Кооперациялық тәзбектің мүшелерінде бұған барлық әлеует бар.

 Жобаның басты қатысушыларының бірі Өмірзақ Өтелов 2019 жылы Степногорск қаласында «Бастау» жобасы бойынша оқуға қатысты. Оқу аяқталған соң ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3,5 млн теңгеге несие алып, «Газель» жүк көлігін сатып алды.

 Биыл көктемде кәсіпкер көкөніс шаруашылығын қолға алмақ болып, жерлестері ағайынды Андақұловтармен бірікті. Абдурахим 2018 жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті, ал Бахромның қаланың сауда орталықтарында үш сауда нүктесі бар.

 Бұл командаға  зәкірлік кәсіпорын – «Олжас» шаруа қожалығы қосылды. Шаруа қожалығы жер телімі мен техниканы беріп қана қоймай, көкөністерді суаруға су ұңғымасын бұрғылады.

 Қазіргі таңда 3,5 гектарға картоп отырғызылды, 0,5 гектарға сәбіз бен қылша егіледі.

 Бұл бизнес идеяны кәсіпкерлерге ӨКП жергілікті филиалы ұсынды. Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Үкімет пен «Атамекен» палатасына ауылдық жерде кооперациялық тізбекті құруға арналған «егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобаны іске асыруды тапсырған болатын.  ҰКП Степногорск филиалының директоры Олжас Баймақовтың айтуынша, түпкілікті нәтижеге негізделген бірнеше кәсіпкерлердің ынтымақтастығы өндірістік-өткізу тізбегіне қосылады.

«Мұндай құрылым өсірілген өнімді делдалдарсыз өткізуге, өндірістік шығындарды оңтайландыруға, ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жергілікті халық экологиялық таза өнімді тұтына алады», – деді ӨКП филиалының директоры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер