astana-view

Электронды денсаулық сақтау жөніндегі жол картаға қол қойылды

2020 жылғы 09 Маусым
5831 просмотров

Жол картасы денсаулық сақтауды цифрландыруды қамтамасыз ету, дәрігерлер мен науқастардың ыңғайлылығына қолайлы жағдай жасауға бағытталған

 Жол картасына қол қою рәсімі COVID-19 вирусының пандемиясына байланысты қашықтықтан жүргізілді

 Жол картасы бес бөлімді қамтиды: платформа сәулеті; жеке деректермен алмасу және қорғау;  бизнес-процестерді жақсарту және НҚА өзгерту;  Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері; дәріханалар желілері мен басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу. 2020-2021 жылы 44 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «Электронды денсаулық сақтау мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы» отандық ІТ-компаниялары, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық және дәріханалық ұйымдардың қатысуымен әзірленгенін айтты.

 «Электронды медициналық карталар қалыпты құбылысқа айналды. Бірақ әр түрлі ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Осыған байланысты Жол картасына электронды денсаулық сақтау сәулетін әзірлей түсу іс-шаралары қосылған. Осы жоспарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау және медициналық қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттесу, телемедицина мен электрондық рецептілерді дамыту мәселелері енгізу маңызды деп санадық. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және кәсіпорынның санитарлық паспорты электронды жүйесін енгізу – бұл жаңа шынайылық. Біздің пікірімізше, денсаулық сақтауды цифрландырудың тұтас құрылымын құруға бағытталған тиянақты жоспар жасалмақ», – деді Юлия Якупбаева.

Картаның жекелеген бөлімі жеке деректерді қорғау ж»не деректермен алмасуды қалыптастыру іс-шараларына арналған. Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтауға қатысты іс-шаралар қарастырылған.

  «Қор науқастардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны күшейту бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Аталған жоба шеңберінде келесідей цифрлық құралдар:  «тәуліктік колл-орталық – 1406», медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және және МӘМС шеңберінде  медициналық қызметтерді алу кезіндегі пациенттердің шағымдары мен өтініштерін тіркеу, есепке алу және орындауға арналған «Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы» енгізілді. Сәйкесінше, Жол картасы аясында осы проблемаларды бірлесіп талдау және мүдделі тараптармен бірге нақты, жүйелі шараларды әзірлеу күтілуде», – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.  

 «Медициналық ұйымдарда процестерді цифрландыру толығымен бәсекелестік ортада болғанын ескерсек, аталған құжатты мақұлдау және қол қою жалпы денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту үшін маңызды», – деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев.

«Атамекен» ҰКП мамандары Жол картасын іске асыру электрондық денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін шешуге және медициналық қызметтердің сапасын жақсартудың сенімді негізін құруға мүмкіндік береді деген сенімде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер