astana-view

Сауда министрлігі сауда саласын 2025 жылға дейін дамыту жоспарын таныстырды

2020 жылғы 12 Маусым
8417 просмотров

 ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын Ұлттық палата алаңында бизнес-қоғмадастық назарына ұсынды.

Бағдарлама 7 стратегиялық бағыттан тұрады:

  1. Техникалық реттеуді жақсарту

Бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру, заманауи зертханалар желісін құру, жаңа ұлттық стандарттарды енгізу арқылы аккредиттеу және сертификаттау жүйесін жетілдіруді қамтиды.

  1. Ішкі сауданы дамыту

«Бүгінде ішкі мемлекеттік сауда айналымының 51%-ы  «сұр» аймақта, бұл жайт заманауи сауда инфрақұрылымының болмауынан орын алған. Аталған бағытта біз салық мөлшерлемелерін төмендету және бағаны бақылау, отандық өндірушілердің сауда сөрелеріне қол жетімділігі мәселелерін қарастырғымыз келеді», – деді Сауда вице-министрі Азамат Асқарұлы.

 Бағыт міндеттемелерінің бірі 2025 жылға қарай заманауи форматтардың үлесін 31%-дан 60%-ға дейін ұлғайту.

  1. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту

 Бұл бағыт стационарлы емес сауда объектілерін жаңарту, МЖӘ форматында көтерме-тарату орталықтарын салуды қамтиды. Азамат Асқарұлы бизнес көтерме-тарату орталықтары жүйесін өзі басқаратынын айтты. Осыған байланысты министрлік өндірушілер арасында субсидиялауды бөлуді қарастырып жатыр.

  1. Биржа және электронды сауда

 «Біз 2021 жылы биржа саудасы туралы жаңа заңды қабылдауды және аталған салада үлгілік ережелерді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс Қазақстандағы ашық баға белгілеудің және биржалық операциялардың заманауи жүйесін құруға көмектеседі», – деп атап өтті ҚР Сауда вице-министрі.

Мемлекеттік бағдарлама электронды сауданы ынталандыруды қамтиды. Министрлікте 2025 жылға қарай бөлшек сауданың жалпы айналымында e-commerce үлесі 3,7%-дан 12-15%-ға артады деп есептеуде.

  1. Сыртқы сауда және экономикалық интеграция

Базалық мақсат – сауда балансының оң сальдосы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш -20 млрд АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, ЕАЭО бойынша серіктестермен де теріс нәтиже құрылған.

 «Өз сервистермізді сатуды үйренуіміз керек. Бұл көлік, медицина, білім беру, туризм саласындағы қызметтер – мұның бәрі келешекте валюталық түсім болады. Осы бағытта қолдаудың жаңа механизмдерін іске қостық, соның ішінде Экспорттық акселератор бар», – деді Азамат Асқарұлы.

  1. Шекара маңындағы сауда

Бұл жекелеген сауда векторы, оның шеңберінде Өзбекстанмен «Сауда-экономикалық ынтымқатастық орталығын» ашу көзделген. Құрылысқа қажетті жер телімі бөлінді, аталған жобаны іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

  1. Тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін жетілдіру

«Жоба тартымды, алайда бизнес өкілдері аталған жобаға қанша қаражат бөлінетінін және мемлекет тарапынан қолдау берілетінін білгісі келеді. Біз алдын ала есептеулерді көрсек дейміз», – деді «Атамекен» ҰКП Сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры  Әсет Айтбаев.

 «Отан» тауар биржалары одағының төрағасы Дәурен Барболов тауар биржаларына қосымша талаптар бойынша министрліктің ұсыныстары нарықта монополиялар мен олигополиялардың пайда болуына әкеледі деген ойда.

 «Басқа елдерде Қазақстанда секілді 18 тауар биржасы жоқ. Негізгі міндетіміз – биржаларды ірілендіру, нарықта тиімділік бәсекелестігін құру, тиімсіз механимздерді алып тастау», – деді Азамат Асқарұлы.

 «АГФ групп» Гауһар Насырова сауда объектілерін отандық тауар өндірушілердің сауарларын сатуға міндеттеуді ұсынды. «non food» саласында тауар массасынан 10%-дан бастап, көлемді кезең-кезеңмен 30%-ға дейін өсіруді ұсынды.

 «Басты назарға жергілікті өндірушілерді шығару керек. Біз министрліктің басшылығымен жеке кездесу ұйымдастыруды қалаймыз. Мысалдар мен Еуродақ мемлекеттерінің заңдарын негізге аламыз», – деді ҚР Жеңіл өнеркәсібі қауымдастығының өкілі Наталья Ақшабаева.

Вице-министр қолдау шаралары жобада қамтылғанын айтты. Мәселеге байыппен қарау керек, ДСҰ мен ЕАЭО нормаларын бұзбау үшін кәсіпкерлерді мәжбүрлемей отандық өнімді ілгерілету өажет.

Министрліктің позициясын Сауда желілері одағының өкілі Артур Тополян қолдады.

«Отандық тауар өндірушілерді нарықтық емес механимздер арқылы ілгерілету сауда субъектілерінің өнім тапшылығын құруына әкелетінін түсінеміз. Азық-түліктік желілерде отандық тауар өндірушілердің үлесі 50%-дан асады. Бірақ «non food» саласында қолдау шаралары негізді әрі ойластырылған болуы шарт», – деп атап өтті спикер.  

 «Қазақстандық сауда компаниялары мен электр-тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер тауар өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Сергей Архипкин мемлекеттік органдар бірнеше рет елемеген техникалық тұрғыдан күрделі тауарларға қатысты мәселе көтерді.

 «Біздің көп мәрте ұсынған ұсыныстарымызға қарамастан өкілетті орган техникалық күрделі тауарлардың мәселесін заңнама тұрғысынан реттеу проблемасын қарастырмай келді. Сауда компаниялар көріп отырған шығын өсе береді әр тұтынушы қалтасынан ұрады. Екінші жағынан сапасын тауар импорты артады. Сондықтар министрліктен тұтынушыларды ғана емес кәчіпкерлерді де қолдауды сұраймыз. Шара қолданылмаса «тұтынушылық терроризм кеңейе түседі», – деді Сергей Архипкин.

Қауымдастықтың позициясын Samsung Electronics компаниясынан Евгений Аманбаев толықтыру түсті. Спикер Қазақстан пост кеңестік елдер ішінде аталған мәселелер реттелмей келген жалғыз ел екенін айтты. Бұдан бөлек «бонус», «кэшбек» түсініктерін заң тұрғысынан регламенттеу ұсынылды.

 «Келесі жылы ең кемі екі заң – сауда қызметін реттеу туралы және биржа саудасы туралы заңдар қабылданады. Барлық дәйекті ұсыныстар қаралатын болады», – деді Азамат Асқарұлы.

 «Magnum» желісінің басқарма төрағасы Азамат Османов сауда саласындағы мамандарды дайындау мәселелері және сыртқы нарықтарға шығу (сатып алуларды субсидиялау, отандық тауарларды тарту және логистикалық мәселелер) кезінде қазақстандық желілерді қолдау шаралары туралы айтты.

 Жиынды қорытындылай келе Әсет Айтбаев бағдарламаны талқылауды тақырыптар бойынша бөліп, маңызды мәселелер бойынша терең жұмыс істеу үшін Сауда министрлігімен тұрақты кездесу ұйымдастыруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер