astana-view

«Атамекен» ҰКП бизнесті ақпараттандырудың жаңа әдісін енгізуде

2020 жылғы 12 Маусым
5182 просмотров

«Атмаекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы қызмет бағыттары бойынша бейнеесеп беру сериясын бастады. Басқарма мүшелері бизнес, қоғам өкілдері алдында бейнеформатта сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ экономика салаларының проблемалық мәселелерін шешуде жоспарлары мен көзқарастары туралы бөліседі

 Бейне есептер сериясының алғашқысы агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібіне арналды. ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев АӨК, тамақ өнеркәсібі  мәселелері жөніндегі департамент, комитеттерінің жұмысы туралы, сондай-ақ карантин және төтенше жағда кезінде ауыл шаруашылығын қолдау бойынша жедел шаралар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейді.

 Алғашқы бейне есептің аграрлық сектор және тамақ өнеркәсібіне арналуы кездейсоқ емес. Аталған салалар ел экономикасы құрылымында азық-түліктің және экономикалық бағытта, ауылдағы әл-ауқат пен экспорттың дамуы тұрғысында маңызды.

 «Атамекен» ҰКП қоғамдық ұйым және мемлекет пен бизнес арасындағы диалог пен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға арналған алаң ретінде «кері байланысты» күшейтуге үнемі ұмтылып келеді. Нарық қатысушылары алдындағы бейне-есеп беру жаңа ұсыныстар, ұсынымдар мен идеяларды  алуға ғана емес, сондай-ақ ашықтықты күшейтуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

 Мына бейнежазбамен танысуды ұсынамыз.

Қайырлы күн, әріптестер!

Мен, «Атамекен» Басқарма төрағасының бірінші орынбасарымын. Өңірлік даму, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі саласы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік етемін.

«Атамекен» үшін, кәсіпкерлерге тиімді көмек көрсету, олардың мұң- мұқтажын Үкіметке, министрліктерге жеткізу, қойылған сұрақтардың шешімін талап ету және еліміздің кәсіпкерлерінен кері байланыс алу – басты міндет!

Бүгінгі эфир арқылы кәсіпкерлерге, өзім жетекшілік ететін мәселелер бойынша атқарған жұмысымыз туралы қысқаша айтып өткім келеді. Бағасын өздеріңіз – кәсіпкерлер бере жатарсыздар!

Қысқаша ресми ақпарат келтіріп кетейін.

Деректерге сәйкес АӨК саласында шамамен 212 мың шаруа қожалы, 27 мың жеке кәсіпкерлік және 14 мыңға жуық заңды тұлға  (ТОО, АҚ) еңбек етеді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының ЖІӨ шамамен 3,1 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Атамекеннің» құрамында салалық мәселелерді шешуге бағытталған еншілес комитеттер қызмет етеді. Белгілі әріптесіміз Сауэр Иван Адамович басқаратын АӨК комитеті және Балапанов Ерік Жұмаханұлы басқаратын Тағам өнеркәсібі комитеті жұмыс істейді. Комитеттердің құрамына 27 қауымдастық мен одақ кіреді.

Есепті АӨК саласынан бастайын, өйткені ел мен әлемдегі соңғы оқиғалар осы саланың ерекше маңызын, әсіресе азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзектілігін дәлелдеді. Сыртқы және ішкі нарықтар жабылып, өткізу тізбектері үзіліп, мемлекет азық-түліктік тауаралармен өзін-өзі қамту мәселесін қойды.

 Заң шығарудың үлкен блогы! Не істелді?

Бірінші:

  • Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды ерікті сақтандыруға алмастырылды. Фермерлер үшін үнемділік жылына 3,0 млрд теңгені құрайды. Бұл жұмыс «Қазақстан астық одағымен» бірлесіп жүргізілді.

Екінші:

  • Өнім дайындаушы ұйымдар үшін ҚҚС-ты жылдық субсидиялаудан тоқсан сайынғы субсидиялауға алмастырылды. Бұл шара ел бойынша шамамен 90 дайындаушы ұйымды қамтыды, осылайша аталған бағыттың дамуына жағдай жасалып, жеке шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімінің экономикалық айналымына жұмылуына ықпал етеді. Бұл жұмыс Қазақстан сүт одағымен бірлесіп атқарылды.

Үшінші

  • Астық қабылдау кәсіпорындары келесі қызметтерді көрсетуге мүмкіндік алды: кіреберіс теміржол желілерін ұсыну, жарма өнімін сату, майлы дақылды тұқымды өңдеу және сату. Аталған норма 200-ге жуық астық қабылдаушы кәсіпорынды қамтиды әрі 40 мыңнан астам шаруаға қолайлы жағдай жасауда.

Төртінші:

  • ҚР жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алушыларға жалға алынған жерді сату бойынша құқықты беруге қатысты түзетулер алынып тасталды.

Бесінші:

  • АӨК-ті мемлекеттік реттеу туралы заңға тәуекелдерді сақтандырудан кейін ғана мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін міндетті шарттар беліглеуге қатысты түзетулер алынып тасталды.

Алтыншы:

  • Шынжыр табан тракторлары көлік құралына салық төлеуден босатылды. Бұл жұмыс «Қазақстан шаруалар одағымен» бірлесіп атқарылды.

Жетінші:

  • АӨК субъектілері ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды импорттауда есепке алу әдісімен ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл жұмыс «Қазақстан ет одағы» және «Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен» бірлесіп жүргізілді.

Сегізінші:

  • Қант, мақта өңдеу, кондитер салалары және ашытқы өндірушілерге ҚҚС бойынша 70% жеңілдік беруге қатысты салық заңнамасына түзетулер енгізілуде. Осылайша кәсіпорындар үнемделген қаражатты өндірісті ары қарай дамытуға және қант қызылшасы, мақта өсіретін 20 мыңға шуық шаруаны кепілдендірілген өткізумен қамтуға мүмкіндік береді.

Тоғызыншы:

  • ЕАЭО аумағынан шығаруға тыйым салынған азық-түлік өнімдері тізімінен қазақстандық күріш алынып тасталды. Аталған норма 25 отандық өңдеуші кәсіпорынға, 450-ден астам шаруа қожалығына өз өнімін экспорттауға жол ашты.

Оныншы:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңірлердің мамандануы схемасы бойынша бұйрығына толықтыру енгізілді, осылайша қызылордалық шаруалар сүтті ірі қара, картоп, жүзім өсіруге, ақтөбелік шаруаларға жидек өсіру үшін субсидияға қол жеткізе алады. Бұл түзетулер 2000 шаруаны қамтыды.

Он бірінші:

  • ҰКП ұсынысы бойынша биыл жеке және заңды тұлғаларға бактериялық күйікке ұшыраған жеміс-жидектерді егу және өсіруге кеткен шығынды өтеу ережесі әзірленіп бекітілді. Бұл норма 800-ден астам шаруа жұмысына оң әсер етпек.

Екінші үлкен блок – мемлекеттік қолдау шаралары (субсидиялау). Қандай іс атқарылды?

 Бірінші:

  • Мал шаруашылығын субсидиялау ережесіне қойылатын критерийлер төмендетілді және АӨК салаларын субсидиялауға қолжетімділік артқан. Мәселен, өңірлік кәсіпкерлер палаталары сүтті-тауарлы фермалар бойынша арнайы комиссиялардың 250 қорытындысы шығарылды, соның ішінде 117 қорытынды немесе 71%-ы қожалығында мал саны 50 бастан асатын шағын және орта шаруаларға тиесілі, осы арқылы сүтке субсидияларды 250 субъект ала алады.

Екінші:

  • АӨК салаларын субсидиялаудың барлық ережелеріне ауылшаруашылық кооперативтері, олардың ішінде шағын және орта фермерлер қатыстырылды. Тыңайтқыштар бойынша 348 кооператив былтыр 590,7 млн теңге сомасында субсидия алды.

Үшінші:

  • 2018 жылдан бастап көптеген шаруа мен кооперативтер тыңайтқыштар, гербецидтер және тұқымдарға субсидияларды «Qoldau» ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақаулар салдарынан ала алмады. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығын субсидиялауға қатысты ҰКП-ның ұсыныстарын назарға алып, осылайша шаруалар мен кооперативтер субсидия алуға мүмкіндікке ие болды.

Төртінші:

  • Былтыр солтүстік өңірлерде рапс алқаптарына қырыққабат көбелегі зиян келтірді, осы ретте ірі қожалықтар зиянкеске қарсы химиялық өңдеу жасай алса, ал шағын және орта қожалықтар шығынды көтере алмады. Біздің атсалысуымызбен енді қырыққабат көбелігіне қарсы өңдеу 50%-ға мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл жұмыс «Қазақстан шаруалары одағымен» және шаруалармен бірлесіп атқарылды.

 Бұдан бөлек, былтыр біздің бастамамызбен ірі қара малы терісін экспорттауға қатысты шектеу алынып тасталды.

Енді төтенше жағдай режиміндегі жұмыс туралы қысқаша тоқталып өтсем.

 Карантин кезеңінде 4 онлайн жиын өткіздік, онда енгізілген шектеулерге байланысты түйткілді мәселелер көтерілді. Кездесулер қорытындысы бойынша келесі мәселелер шешімін тапты:

  1. шаруалардың жүру-қатынауының бірыңғай өткізу режимі енгізілді;
  2. экспорттық шектеулер енгізілгенге дейін бидай, ұн және күнбағыс майымен тиелген әрі теміржол станцияларында тұрып қалған 900-ден астам вагон босатылды.
  3.  АШМ-ның экспорттауға тыйым салу бойынша бұйрығында пияз, қырыққабат және сәбізге тыйым алынып тасталды, рафинадталмаған күнбағыс майы, фуражды және органикалық бидай экспорт тыйымынан кваталауға ауыстырылды.
  4. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қызмет түрлері тізімі кеңейтілді (11 АӨК бағыты қосылды).  

Нәижесінде біз көтерген мәселелердің бір бөлігі 10 маусымда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы атап өтті – бұл шаруалардың блок-бекеттер арқылы жүріп-тұруы, көктемгі ала жұмыстарын қаржыландыру, жанармай сапасы, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым және квоталау мәселелері.

 Сонымен қатар, әлі де болса шешілмеген сұрақтар көп.

Мысалы:

  • «Қолдау» порталының абоненттік тарифінің 3-тен 11 есептік айлық көрсеткішке біржақты өсірілуі;
  • Қайта өңдеу ақысының барлық ауылшаурашылық техникасына қолданылуы (утилизациялық алым);
  • мал шаруашылығын және инвестициялық субсидиялардың жаңа ережелерінің қолданысқа әлі де болса енгізілмеуі (мад шаурашылығы, инвестициялық субсидиялаудың жаңа ережелерін қабылдау процесін созу);
  • тірі малды экспортқа шығаруға рұқсат беру;
  • акцизге жататын және азық-түлік өнімдеріне акциз ставкалары және басқа да салық ставкаларының болжамды өсуі.

Есеп беруді қорытындылай келе, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы келесі жылға дейін жарамды және сәйкесінше жуық арада жаңа бағдарламаны әзірлеуді бастау қажет. Оның шеңберінде субсидиялардың тиімділігін анықтап, субсидиялаудың белгілі бір әдестемесін әзірлеу, шаруалардың агробіліктілігін арттыру, ары қарай тыйымды алып тастау үшін ауыл шаруашылығы малын бақылауды жолға қою, және АӨК шеңберінде басқа да жүйелі мәселелерді шешіп алған жөн.

Рахмет!

Бейне есепте айытылған ақпарат бойынша ұсыныстар, сондай-ақ есептік ақпарат форматына қатысты ұсынымдарды Палатаның колл-орталығы (1432) және facebookinstagram әлеуметтік желілері арқылы қабылдаймыз.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер