astana-view

Жамбыл облысындағы оқу орталықтар жұмысының тиімділігі артады

2020 жылғы 15 Маусым
- Жамбыл облысы
5028 просмотров

Өңір бизнесмендері өз қажеттілігіне қарай мамандарды оқыта алад. Бұған кәсіпорындар жанынан оқу орталықтарын құру бойынша «Атамекен» ҰКП бастамасының іске асырылуының жоғары көрсеткіштері дәлел. 2017 жылдан бастап Жамбыл облысында ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшылары Облыстық оқу орталықтары тізіліміне 51 оқу орнын қосты. 2019 жылға міндетті зейнетақылық жарналары нәтижесі бойынша 45 оқу орталығы мемлекеттік тапсырысты қайта бөлуге қатыса алды

 «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздарды қысқа курстарда оқыту бойынша 2020 жылға мемлекеттік тапсырысты бөлу нәтижесінде  әлеуметтік төртжақты келісімшарт жасаған 23 оқу орталығында 1521 адамды оқыту жоспарланған. Аталған келісімшарт Жұмыспен қамту орталығы, оқуға қатысушы, оқу орталығы және жұмыс беруші арасында жасалады. Демек, қысқа мерзімді оқуды аяқтаған соң оқу орталығы міндетті тәртіпте оқуға қатысушыны жұмыспен қамтуы керек. Осындай жүйелі тәсіл өңірдегі жұмыссыздыққа тікелей әсер етеді», – деді Жамбыл облысы ӨКП м.а. Самат Қосалиев.

 Мемлекеттік тапсырысты алған оқу орталықтары Өңірлік кәсіпкерлер палатасының назарында. Ары қарай сарапшылар оқу орталықтарындағы оқу процесіне мониторинг жүргізетін болады.

Еске салсақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен кәсіпорындар өздеріне мамандар дайындай алады. Білім беру бағдарламасына тәлімгерлікпен дуальді білім беру элементтері бар білім беру ұйымдары қатыса алады. Ол үшін кәсіпорын «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары тізіліміне қосылу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінім беріп, оқу орталығын ашуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер