astana-view

«Аға сеньорлар» жобасына кеңесшілерді іздейміз

2020 жылғы 18 Маусым
3324 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білікті отандық кеңесшілерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге шақырады

  1. Сәйкес білімі және жеке рецептуралар әзірлемесі бар жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес кондитерлер;
  2. Мұнай-газ секторында сәйкес білімі бар, атап айтқанда кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес кеңесші-талдаушылар. Ағылшын тілін білу Upper-intermediate деңгейінен кем болмауы шарт.
  3. Жұмсақ жиһазға қап тігу бойынша сәйкес білімі бар жұмыс өтілі 5 жылдан асатын технолог;
  4. Құрылыс материалдарын өндіру бойынша шағын зауытты жобалауда сәйкес білімі бар, жұмыс өтілі 5 жылдан астам құрылысшы-жобалаушы.

Сарапшылық көмек келесі жұмысты қарастырады:

-персоналды оқыту және практикалық көмек көрсету;

-кәсіпорын дамуында нақты проблемаларды диагностикалау және анықтау;

-нақты проблемаларды алып тастау бойынша шешімдер және практиалық жұмысты дайындау.

Түйіндеме және жолдама хатты 2020 жылдың 29 маусымына дейін мына электронды поштаға жолдауды сұраймыз: a.muzatova@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер