astana-view

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеуі 

2020 жылғы 19 Маусым
3871 просмотров

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Миллиондаған қазақстандық қатарында,  коронавирусқа тапсырыған сынамаңыз оң нәтиже бергені жайында ақпаратты зор уайыммен қабылдадық. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы  атынан тез сауығып кетуіңізді тілейміз. Өзіңіздің тікелей қатысуыңыз және қамқорлығыңыз еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасауға мүмкіндік берді. 

Бойыңыздағы күш-жігер, күрескер мінезіңіз осы қиындықтан алып шығады деген сенімдеміз. Сіздің даналығыңыз бен мол тәжірибеңіз Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуға әлі талай ықпал ететіні сөзсіз.

Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП


Еншілес ұйымдар

Серіктестер