astana-view

Арман Мәмбетаев «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2020 жылғы 19 Маусым
6352 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының шешімімен Арман Мәмбетаев Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Арман Мәмбетаев тауардың шығу түбін сертификаттау және техникалық реттеу мәселелері, Қазақстан Республикасында  өңдеу өнеркәсібі мәселелері жөнінде кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру,  үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау және құруға атсалысу, аталған салаларда айтарлықтай оңтайлы шешімдерді іздеу және енгізу процесін басқаруға жетекшілік етеді.

Мәмбетаев Арман Орынбасарұлы 2012 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәмамдады, техника және технология саласында магистр дәрежесіне ие.

 Жалпы еңбек өтілі 14 жылды құрайды, осы жылдар ішінде Арман Орынбасарұлы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөнендегі комитеті» ММ, «ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ-да бас сарапшы қызметін атқарған.

 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарып келді.

Осыған дейін аталған қызметте болған Дана Жүнісова ҚР Премьер-Министрінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер