astana-view

Медицина қызметкері күнімен

2020 жылғы 21 Маусым
3763 просмотров

Құрметті денсаулық саласының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Атқарып жатқан қызметтеріңіз ең қадірлі, абыройлы, және шын мәнінде батыл мамандықтардың бірі. Бұл сала терең білім, асқан күш-жігер және зор еңбекті талап етеді. Ең қиын сәттерде бізге көмекке келіп, үміт пен күш сыйлайсыздар. 

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, қызметке адалдық, кәсібилік, рухани жомартттық пен жанқиярлық елгезек көңілдеріңіз – барлық құрмет пен мақтауларға лайық. Күні-түні тынбай қоғам алдындағы қызметтеріңіз өлшеусіз. 
Қадіргі дәрігерлер, мейірбикелер, ғалымдар, ардагерлер және өмірін медицина саласымен байланыстырған барлық абзал жандар, танытқан қайсарлық, төзімділік пен жанашырлықтарыңыз үшін Сіздерге мың алғыс! Айтулы күнде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. 

Ізгі ниетпен, Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер