astana-view

Көңіл айту

2020 жылғы 22 Маусым
6465 просмотров

Құрметті Тимур Асқарұлы!

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасы орны толмас қаза – анаңыз Құлыбаева Раиса Алдабергенқызының қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады.

Саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған Раиса Алдабергенқызы еліміздің дамуына үлес қосқан іскер, еңбекқор қос ұлды тәрбиелеп өсірді. Мемлекет және саяси қайраткер – ер-азаматына демеу, адал дос, шаңырағының шырақшысы бола білді. 

Тас түскен жеріне ауыр, бекем болыңыз. Ардақты анамыздың сөнбес сәуледей жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады!  Өнегелі өмір иесі, мейірімді болған марқұмның жаны пейіште шалқысын, ұрпағымен мың жасасын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер