astana-view

«Корея Республикасы – Орта Азия» іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды

2020 жылғы 29 Маусым
4899 просмотров

Қол қоюдың ресми салтанаты онлайн форматта өтті. Іс-шараны Корея халықаралық сауда қауымдастығы (КІТА) ұйымдастырды. 

Меморандум   сауда-экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттесу саласында Орта Азия елдері және Корея Республикасы алдында тұрған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 
Іс-шараға Орта Азия елдері және Корея Республикасы дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты. 
Тараптар коронавирус пандемиясымен байланысты ағымдағы проблемаларды, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.


Қазақстан тарапын Сыртқы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов бастап барды. Өзінің сөзінде спикер қазақстандық бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын атап өтіп, сонымен қатар көптарапты іскерлік кеңестің құрылуын жоғары бағалады. Жаңа құрылым Орта Азия елдері және Корея Республикасының кәсіпкерлері арасындағы тиімді ынтымақтастықты жолға қоюдың маңызды мехнизмі болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер