astana-view

Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестеріне сайлауға қатысуға кандидаттардан 176 өтінім қабылданды

2020 жылғы 10 Шілде
4550 просмотров

Өңірлік кеңестер мүшелігіне сайлауға қатысуға кандидаттардан 363 өтінім келіп түсті, соның ішінде 176 өтінім қабылданды, тағы 187 өтінім – қаралу процесінде. 

Сайлауға қатысуға Шығыс Қазақстан (56 өтінім) және Батыс Қазақстан (50 өтінім) облыстарының кәсіпкерлері мен қауымдастықтары тарапынан ынта жоғары. Әзірге Шымкент қаласы және Түркістан облысынан өтінімдер түспеді. 
Еске салсақ, Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестеріне сайлауға қатысуға өтінімдер 15 шілдеге дейін қабылданады, содан кейін төрт апталық үгіт-насихат науқаны басталады.

Дауыс берудің өзі 20-22 шілде аралығында онлайн-режимде vote.atameken.kz сайтында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер