astana-view

«Атамекен» ҰКП-ның басты бағыты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

2020 жылғы 10 Шілде
4245 просмотров

Елімізде наурыз айында енгізілген төтенше жағдай кезінде ҰКП бизнесті қолдау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді.

Әсіресе, табысынан айрылғаны үшін әлеуметтік төлемдерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, бұл бағыттағы бастамаларды бірауыздан қолдады. Осылайша, қазақстандықтар 42 500 теңге көлемінде көмек алды.

Сондай-ақ, ҰКП әлеуметтік төлемдерді алушылар тізімін кеңейту және төлемдерді алу тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныстар дайындағанын айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде:

- Карантинді қалалардағы ірі кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу;

- Төлем алушылардың тізімін кеңейту: БЖТ төлейтін азаматтар және азаматтық-құқықтық келісімдері бойынша тұлғалар қосылды;

- төлем жасауға қажетті құжаттардың тізімі қысқарды;

- онлайн-қосымшалар жүйесі іске қосылды;

- өтініштерді қарау уақыты қысқарды;

- қызметкермен өз бетінше байланысу мүмкіндігі пайда болды.

Бұл жәрдемақыны алуға 8 миллионнан астам адам жүгінсе, 4,6 миллион теңге көлемінде төлемдер жасалды.

Осылайша, төтенше жағдай кезінде Үкімет қабылдаған шаралар негізінде қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлер әлеуметтік көмекке қол жеткізді.

Ал екі апталық локдаунды енгізу (оны ұзартуы мүмкін) бизнестің бірқатар субъектілері үшін жұмысты тоқтатуға мәжбүрлеп отыр. Бұл 1,7 млн-нан астам азаматтың жұмыс істеуін шектеп отыр деген сөз, оның ішінде микро және шағын бизнестегілердің үлес салмағы 1,3 млн. адамды құрайды.

Осыған байланысты кәсіпкерлерге (әсіресе ШОБ) мемлекеттің қосымша қолдауы қажет. Егер наурыз айында компаниялар мен жалдамалы қызметкерлердің қоры болса, карантин кезінде ресурстар жұмсалды. Қазір жағдай одан да күрделі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3-ші сәуірінде Үкімет пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылданған шектеу салдарынан табысын жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлем қажеттілігі туралы, халық үшін тиісті индекстеу (азық-түлік өнімдерінің бөлшек бағаларын, жеке қорғану құралдарын және коммуналдық қызметтерді төлеуді есепке ала отырып) және отбасының әрбір мүшесіне 60 мың теңгеден кем емес төлем жүргізу туралы ұсыныстар жіберілді.

«Атамекен» ҰКП «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырады. Мәселен, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігінің мониторингі жөніндегі жұмыс тобының отырысы шеңберінде бірнеше рет 255 мың адамды жұмысқа орналастыру көрсеткішінің орындалмау тәуекелі бар екенін мәлімдеген, өйткені бұл көрсеткіш әкімшілік жолмен қол жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, қолданылатын «1 жұмыс орнына 4 млн.теңге» әдісі де күмән тудырады, себебі құрылыс жобаларының көпшілігінде бұл тәсіл жай қолданылмайды, өйткені шығыстардың едәуір бөлігі құрылыс материалдарын, қызметкерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарын сатып алуға арналған шығындар мен өзге де шығыстарға жаратылады.

Демек, жұмыс орындарын құру жобаны іске асыру үшін қажетті көлемде ғана болуы тиіс, әкімшілік жолмен қызметкерлердің көп санын тартуға жол берілмейді. Себебі, бұл кәсіпорындардың шығындарына әкеп соғады.

Ұлттық палата «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында тауарлармен жергілікті қамтудың 90% үлесіне назар аудару қажет деп санайды. Бұл жұмыс істеп тұрған өндірістің, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда, бұл жағдай бақылау тетіктері мен нысандарын салу кезінде материалдарды жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесінің болмауы проблемасын туындатып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер