astana-view

Кәсіпкерлер төлемдер бойынша шегерімдер мен салықтық жеңілдіктерге мұқтаж – «Атамекен»

2020 жылғы 14 Шілде
3628 просмотров

Бизнеске берілген салықтық жеңілдіктер экономика ауқымында мультипликативтік әсер береді. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Шыңғыс Темір жазды.

 «Төтенше жағдай кезеңінде бизнесті қолдауда нақты әрі тиімді шаралар қолға алынды. Салықтар туралы айтатын болсақ, былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен шағын бизнеске үш жылдық салық демалысы берілгенін атап өткен жөн.  

 Ал наурыз және сәуір айларында #ТЖ қызып тұрған шақта Үкіметтің № 126, 141 және 224 қаулылары қабылданды. Нәтижесінде 2020 жылға мүлік салығынан туризм, қоғамдық тамақтану, қонақүй бизнес, сонымен қатар ірі сауда объектілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, спорт кешендері босатылды», – деп атап өтті Шыңғыс Темір.  

 Спикер сондай-ақ, жалпыға белгіленген режимде жұмыс істейтін барлық жеке кәсіпкерлер жылдың соңына дейін жеке табыс салығын төлеуден босатылғанын еске салды.

 1 маусымға дейін салықтарды төлеуден кейінге шегерім берілді, салық органдарының хабарламаларын орындауға қатысты мерзімдер ұзартылды, тексерулер тоқтатылып, сонымен қатар салық төлеушілердің шоттары мен мүлігін бұғаттау тоқтатылған.

 Шыңғыс Темірдің пікірінше, еңбекақы қорына салықтар мен міндетті төлемдерден шағын және орта бизнесті жарты жылға, ірі бизнесті 3 айға дейін босату – салық саласындағы ең тиімді жеңілдік болған.

 «Модельді ситуацияны талдайық – мұндай жеңілдіктер нақты бизнеске қалай әсер етті? Мысалға Қазақстан облыс орталықтарының бірінде орналасқан бірнеше ғимараттан құрылған сауда және ойын-сауық орталығын (орта кәсіпкерлік субъектісі) алайық. Орталықтың жалпы ауданы бірнеше мың шаршы метрді құрайды, мүлік салығы – жылына 20 млн теңге. Ал ғимаратқа орынжайларды жалға беру айына 80 млн теңге кіріс әкеледі.

 Орта кәсіпкерліктің субъектісі – сауда және ойын-сауық орталығы мүлік салығынан 2020 жылға босатылды, яғни 20 млн теңгеге жеңілдік алды, ал орынжайларды жалға беріден 2 ай үшін түспеген кіріс 160 млн теңгені құрап отыр. Біздің сауда және ойын-сауық орталығымыз шағын жалға алушыларды жалдау құнынан босатты да екі айлық тұрып қалу үшін небәрі 12,5%-да өтемақы алды. Демек жеңілдіктер айтарлықтай деп келісу қиын.

 Ал еңбекақы қорынан салықтар мен төлемдерден босату – бөлек әңгіме. Осындай сауда және ойын-сауық орталығы үшін айына еңбекақы қоры 20 млн теңгені құрайды. Еңбекақыдан осы салықтар және міндетті төлемдер 32%-ға немесе айына 62 млн теңгеге құралады. Орта бизнес үшін мұндай салықтық жеңілдік жарты жылға қарастырылған, демек үнемдеу 38,4 млн теңгені құрайды», – деп атап өтті спикер.

 Ара қарайғы есептеулер бюджетке төленетін төлемдер бойынша 58,4 млн теңгеге үнемдеу жасалғанмен 2 ай ішінде 160 млн теңге шығынды (немесе  шілде айындағы локдауынды қоса есептегенде 3 ай үшін 240  млн теңге) жаба алмайтынын көрсетті. Оның үстіне жалға беруші алғашқы айларда жалға алушылардан бұрынғы сомаларды алып отыруы екі-талай. Жалға алушы алдымен аяққа тұрып, бизнесті жолға қою керек, сондықтан есептеулер салықтық өтемақылардың жалпылама ауқымын көрсетеді.

 Мысал үшін еліміздің облыс орталықтарынының бірінде жұмыс істейтін сауда және ойын сауық орталығы алынды. Орталық қиын кезеңде жалға алушылардан төлем алмады. Қазіргі локдаун осындай сауда орталықтардың қорын тауысты, демек енді олар жалға алушыларға көмек көрсете алмайды. Осылайша тізбек бойы экономикаға нұқсан келтіріледі.

 «Салықтық жеңілдіктер 1 маусымға дейін жалғасқанын, ал қазір шілде айының ортасы екенін ұмытпайық. Карантиннен ақшасыз шыққан бизнес салықтың міндеттемелерді уақытында орындауға мүмкіндігі бола бермейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері бұғаттар қойып, талап ету шараларын бастап кетті.

Кәсіпкерлер төлемдер бойынша шегерімдер және салықтық жеңілдіктерге мұқтаж, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті қолдау көрсетеді деп үміттенемін», – деп қорытындылады Шыңғыс Темір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер