astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады

2014 жылғы 16 Сәуір
8558 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Астана және Алматы қалаларының арасында алғаш рет бейнеконференция форматында өткізілген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ҰКП-да аккредиттеуден өткен жетекші шағын және орта бизнес қауымдастықтарының және жетекші салалық бірлестіктердің басшылары, оның ішінде Экономикалық аймақтар кәсіпкерлерінің қауымдастығынан, Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығынан, Көлік және логистикалық ұйымдар одағынан және «KAZLOGISTICS» қауымдастығынан, Қазақстан Республикасы колледждері қауымдастығынан, Қазақстандық кеден декларанттарының одағынан Комитеттің жаңа мүшелері қатысты.

Қатысушыларда күн тәртібіндегі ҚР Президентінің «ҚР кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы және оны жүзеге асыру бойынша Комитет мүшесі Мунавара Палташева сөзінде жеткізілген іс-шаралар бойынша мәселе үлкен қызығушылық тудырды. Келер жылдан бастап тексерістерді болдырмау жөніндегі сауалдар да көп болды, соның ішінде К. Елеусізов жоспарлы тексерулерден толықтай бас тартуды және қауымдастықтардан қоғамдық құқық қорғаушылардың қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ұсыныстардың көлемді тізбесін ҚР ҰКП Төралқасының Мүшесі Талғат Доскенов жеткізді. Ол сотта өкілдік ету институтын құруды және ереже бұзулардың алдын алу үшін ескерту шараларының жүйесін құруды, сондай-ақ аудиторлық компаниялар қорытындысынан кейін фирмаларды жабу механизмін енгізуді, т.б. ұсынды.

Елбасының Жарлығын жүзеге асыруға қатысты қойылған барлық сауалдар бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева жан-жақты толық жауап берді.

Қазіргі сәтте Ведомствоаралық комиссия Премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен тәуекелдерді бағалау әдістемесін дайындауда. Төраға орынбасары барлығының осы жұмысқа жұмыла кірісуін ұсынды. Сонымен қатар, ол Өңірлік даму министрлігінде «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша» ҚРЗ дайындау бойынша жұмыс тобының қалыптастырылатыны туралы хабарлады.

Бұдан әрі Комитеттің отырысында табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясат мәселелері қарастырылды. Жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау жөніндегі тариф құру әдістемесінің талдауы келтірілді. Комитет мүшесі Жомарт Алданғаров өз сөзінде тарифтердің жыл сайынғы өсуінің негізсіздігін атап кетті, тарифтерді жылына 6%-дан жоғары көтермеуге шектеу қабылдауды ұсынды. Монополистердің инвестициялық бағдарламалары бойынша мәселе қала береді, тозуды ескере отырып жабдықтарды модернизациялауға бөлінетін қаражатты жұмсаудың түсінікті және айқын механизмі жоқ. Және де бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті болып отыр.

Сондай-ақ Комитеттің отырысында «Қазақстандағы шағын бизнес күндерін» өткізу бағдарламасының тұсаукесері өтті, оның негізгі сәттерін Светлана Каплина таныстырды. Бұл тақырып жаңа болмауы да мүмкін, бірақ жүзеге асыру бойынша ұстанымдар бұрындары өткізілгеннен өзгеше, сондықтан да іс-шараның тақырыбы кәсіпкерлік қызметтің барлық өңірлері мен салалары үшін проблемалар мен мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып ұсынылды.

Сонымен қатар Комитет пен Хатшылық мүшелерінің өзара сапалы әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша мерзімі жеткен мәселе қозғалды. ҰКП бірқатар құрылымдық бөлімшелерінен бір уақытта келіп жететін ақпарат пен құжаттардың үлкен ағынын кейбір қауымдастықтар игеруге қауқарсыз.

Отырыс жұмысын түйіндей келе, Комитет Төрағасы Райымбек Баталов Комитеттің келесі отырысын мамыр айының соңында өткізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер