astana-view

ЕЭК алаңында Одақ аумағында тауарларды тасымалдау мәселелері талқыланады

2020 жылғы 17 Шілде
3415 просмотров

 20 шілдеде Қайшылықтар және даулы жағдайларды жою жөніндегі комитеттің алғашқы отырысы ЕЭК алаңында өтеді

 Комитеттің  мақсаты ЕАЭО-да тауарлардың еркін тасымалдануын қамтамасыз ету. Отырыс аясында кедендік, техникалық реттеу құралдарын, бақылау, сонымен қатар тез бұзылатын тауарлардың қозғалысын жеңілдету құралдарын қарастыратын қажетті іс-шаралар жөніндегі жол картаның жобасы қаралады.

 Ұлттық палатаға тасымалдаушылар мен экспорттаушылардан одақта тауарларды тасымалдауға қатысты орын алған мәселелерді шешуде көмек көрсету бойынша көптеген өтінімдер келіп түседі.

 «Атамекен» Комитетте көтерілетін бірқатар мәселені белгіледі:

 -жүк көліктерінде технологиялық өткелдер мен құдықтардың болуы талабы бойынша қайта орын алған мәселе;

-ЕАЭО елдері аумағы бойынша навигациялық бітемелерді пайдаланумен «санкциялық» тауарларды тасымалдауды іске асыру шарттары;

-Одаққа мүше мемлекеттердің  қазақстандық автомобиль тасымалдаушыларына қатысты халықаралық жол тасымалдары кітабын қолданумен халықаралық жүк тасымалы туралы конвенцияны ұстануы;

ҰКП даулы мәселелерді шешу үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасына енгізілмек іс-шаралар бойынша ұсыныстарды дайындап, жіберді.

ЕАЭО-да тауарларды тасымалдау кезінде орын алған мәселелер болса, оларды ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жолдауды сұраймыз, электронды пошта: r.zhunusov@atameken.kz

Еншілес ұйымдар

Серіктестер