astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Мәселелер тізілімі» сайтына бір ай ішінде кәсіпкерлерден 55 өтініш келіп түскен

2014 жылғы 17 Сәуір
8498 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Мәселелер және өтініштер тізілімі» порталына 2014 жылғы 11 ақпан мен 11 сәуір аралығында бизнесмендерден шамамен 55 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Palata.kz.

Келіп түскен 55 хаттан шамамен 19 өтініш Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің, 7 өтініш – Қоғамдық мониторингтің, 4 өтініш – Мемлекеттік сатып алулар мен қазақша мазмұн департаментінің, Қаржы секторы комитетінің Хатшылығының, Салық салу департаментінің жұмысына жөнелтілген.

Өз кезегінде 3 өтініш Құқықтық қамсыздандыру департаментінің, 2 өтініш – Техникалық реттеу департаментінің, Бизнесті сервистік қолдау департаментінің және Сауда комитетінің Хатшылығының, әрқайысына 1 өтініштен – ӨКП Үйлестіру департаментінің, Стратегиялық жоспарлау департаментінің, Агроөнеркәсіп кешені комитетінің Хатшылығының, НҚА сараптамасын үйлестіру департаментінің, Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің Хатшылығының қарауында жатыр.

23 өтініш бойынша өтінім берушілер жауап алып үлгерді, оның ішінде 21 – ақтық жауап болып табылады, 9 бойынша мемлекеттік органдарға сұрау бағытталды, 1 өтініш Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығына жіберілді, 2 өтініш қарауға ӨКП-ға тапсырылды, 24 өтініш қаралу үстінде.

Осылайша, сайт арқылы түскен өтініштерден 42% қарастырылған, қалғандары қарауда жатыр.

Талдауға сәйкес кәсіпкерлер өтініштерінің ең көп мөлшері заңнаманы өзгертуге байланысты екенін атап кету керек. Бұдан кейін рейтингіде жоспардан тыс тексерістер, банк кредиттері, жер мәселелері және рұқсат беру жүйесі табылады.

«Өтініштер мен мәселелер тізілімі» - бұл кәсіпкерлердің проблемалары жинақталатын және жүйеленетін бөлім екенін еске сала кетейік, осыдан соң жүйелік кемшіліктер palata.kz Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған сайтының негізінде қызмет жасайтын мәселелер тізіліміне интерграцияланады.

«Өтініштер мен мәселелер тізілімі» жобасы онлайн-платформа екендігін атап кетуге болады, онда әрбір бизнесмен өзінің кәсіпкерлік тәжірибесінде кездесуге тура келетін қиыншылықтар туралы хабарламаларын орналастыра алады.

Бұдан әрі проблема құрылымдандырылады, және де ҚР ҰКП шеңберінде кәсіпкерге сәйкес көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

Сонымен бірге барлық өтініштер мониторинг және талдаудан өтеді, осыдан соң жүйелік мәселелер заңнамалық деңгейде шешімін табатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер