astana-view

Экспорттаушылар Қытай шекарасындағы кептеліс салдарынан келісімшарттық міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін

2020 жылғы 22 Шілде
3863 просмотров

Кәсіпкерлер Қазақстан-Қытай шекара маңындағы теміржол стансаларында жұмыстың тоқтауы салдарынан жүкті түсіре алмай жатыр.

 Маусым айының соңында кәсіпкерлер Қытай темір жолы тарапынан телефонограммаларды алды, онда «Қорғас» ҚТЖ станциясындағы кептеліске байланысты Орта Азияға – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанға және кері барлық бағыттар тоқтағаны туралы хабарланды.

 «Орын алған ситуация кәсіпорындардың экономикалық қызметіне нұқсан келтіруде, өйткені сатылымдардан түскен қаражат есебінен біз жұмыскерлерге еңбекақы төлейміз, өндірістік қуаттылықты сақтау үшін материалдар мен жабдық сатып аламыз», – деп кәсіпкерлер ҰКП-ға жазуда.

 Анықтама үшін: 2020 жылдың 5 айы ішінде ҚР және ҚХР арасында экспорттық-импорттық тасымалдардың көлемі 5,3 млн тоннаны құраған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 млн тоннаға жоғары (4,2 млн тонна), Қазақстан арқылы жүкті транзитпен тасымалдаудың көлемі 2,9 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 811 мың тоннаға өскен.

 Ұлттық палата аталған мәселемен ҚР Сауда және интеграция министрілігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамына мәселені қытай тарапымен шешуді сұрап хаттар жолдады.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытай бағытына қарай жүк тасымалдарына байланысты ағымдағы жағдайға аландаушылық білдіреді. Осы ретте пандемия салдарынан екі елдің теміржол және кеден қызметтері ерекше жағдайда жұмыс істеп жатқанын түсінеміз. Осыған байланысты қазақстандық жүктерді тасымалдауға қатысты мәселелерді шешуге өкілетті билік органдарынан шұғыл әрекет күтеміз», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің сарапшысы Дархан Мұратханов.

Әзірге Қытай тарапы «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (ККЖ БАЖ) жүкті түсіру жоспарын мақұлдамай жұмыс істеуде.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер