astana-view

#жақсылықжаршысы марафоны Шығыс Қазақстанда

2020 жылғы 20 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
3563 просмотров

#жақсылықжаршысы акциясы шеңберінде ШҚО Кәсіпкерлер  палатасы өңірде коронавируспен күресуге жұмылдырылған медициналық мекемелерге қайырымдылық көмек жинау және таратуға қатысып жатыр

 Семей қаласына «Dauletten» қоғамдық қоры және «Aidyn Nury» қорынан 8 оттегі концентраты келді. Аталған аппараттар «Екінші тыныс» жобасы аясында Түркиядан әкелінді. ӨКП-ның Семей қалалық филиалының директоры Мақсат Сүйшінов апараттарды күтіп алып, қабылдап жатқан тарапқа берді. Оттегі аппараттары қалалық және аудандық ауруханаларға, атап айтқанда – ШҚО облыстық аурухана, Үржар ауданының №1 ауруханасы, Үржар ауданының №2 ауруханасы, Семей №2 ауруханасы, Семей №1 қалалық емханасы, Шар қалалық ауруханасы, Аягөз қалалық ауруханасы, Зайсан аудандық ауруханасына берілді.

 Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан #жақсылықжаршысы акциясы шеңберінде COVID-19 пандемиясы жағдайында қазақстандықтарға көмек көрсету марафоны жарияланды. Осыған байланысты ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өңір бизнес-қауымдастығын осы науқанға қатысып, аурухана пациенттеріне, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға және осы қиын уақытта қолдауды қажет ететіндердің барлығына мүмкіндігінше көмек көрсетуге шақырады.

 Көмек бергісі келетін жандар ШҚО Кәсіпкерлер палатасына азық-түлік, дәрі-дәрмек, оқушыларға кеңсе заттарын әкеле алады. Мекенжайымыз: Победа д-лы 6. Біз азық-түлік, медициналық, мектеп жиынтықтарын жинап, Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған азаматтарына жеткіземіз.

 Анықтама ақпарат: тел. 8 (7232) 742-102, 8-776-437-76-76 (Диляра Қалиева), 8 (7232) 742-109, 8-777-152-98-99 (Сәкен Абдуллин).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер