astana-view

#Жақсылықжаршысы: Нұр-Сұлтанда санитарлық шараларды сақтау бойынша челлендж іске қосылды

2020 жылғы 22 Шілде
3545 просмотров

#жақсылықжаршысы қайырымдылық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы күресте қауіпсіздіктің санитарлық нормаларын сақтауға үндейтін челленджд іске қосылды

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов қоғам мен бизнес өкілдерін маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және қолды сабынмен жиі жуып тұруға шақырды. Оның айтуынша, covid-19 індетіне қарсы профилактикалық шаралар  әдетке айналуы керек, өйткені осындай қауіпсіздік шараларына қалыпты өмір тіршілігіне тез оралуымыз байланысты. 

 Алмат Жүнісов челленджді әріптестері Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовқа, Өңірлік кеңестің төрағасы Ерлан Сүлейменовқа және елордалық Палатадағы әріптестеріне жолдады. Бұл азаматтар да өздерінің видео үндеулерінде қазақстандықтарға covid-19 індетінің таралуын алдын алуға шақырады. #жақсылықжаршысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер