astana-view

Дәрі-дәрмектерді үйге дейін тегін жеткізу және онлайн рецептілерді тану мәселесін шешу қажет – Юлия Якупбаева

2020 жылғы 23 Шілде
3258 просмотров

Электронды рецептілер және халыққа дәрі-дәрмектерді үйге дейін жеткізу мәселесін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Facebook парақшасында көтерді

 Юлия Якупбаева азаматтардың антибиотиктерді бақылаусыз қолдану мәселесі дәрігерлердің пайдасына шешілмегенін атап өтті.

 «Препаратты тез сатып алып, ішу немесе дәрігерге барып, кезекте тұрып, дәл сол препаратқа жолдама алу – нағыз диллема. Ал қазіргі жағдай тіптен қиын... COVID және өкпе қабынуды емдеу хаттамасы бойынша дәрі-дәрмектер – өте ауыр препараттар. Әрине оларды дәрігердің тағайындауымен ішу керек. Бірнеше мәселе бар – не дәрігер, не дәрі-дәрмек, не рецептілер жоқ», – деп жазады автор.

 Өңірлердің бірқатар әкімі дәрігердің мөр және қолы қойылған рецептінсіз науқастарға дәрі-дәрмек сатпау бойынша шешім қабылдаған. Бұл жайт халық арасында әлеуметтік ахуалды өршітуі мүмкін.

 «Дәл қазір бұл әрекет қаншалықты дұрыс? Күнімен ауырып тұрған адамдар кезегі алдында жұмыс істеп тұрған, ештеңемен қорғалмаған провизор рецептісіз дәрі-дәрмек сатудан қалай бас тартпақ? Мысалға димедрол болмайды.. Дәрі-дәрмектерді электронды рецептілермен, жақсы онлайн консультациялар беріп, тегін жеткізу мәселесін шешу керек. Бұны іске асыру әрине қиын. Оңайы рецептілерді тексеруден бастау», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

 Ұлттық палата дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру бойынша мәселені ҚР Үкіметі алдында бірнеше рет көтерген болатын. ҰКП дәрі-дәрмектердің қоймалар мен дәріханалардағы қалдықтарының цифрлық формасы мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер