astana-view

«Атамекен» әлеуметтік жобаны іске асыруға атсалысатын ІТ-компанияларды іздейді

2020 жылғы 23 Шілде
4286 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік жоба – коронавирустық инфекцияны емдеуге қажеттi дәрi-дәрмектер туралы деректер базасын қалыптастыруға ІТ-компанияларды іздейді

 Жобаның негізгі мақсаты – нарықтағы цифрлық сервистер көмегімен (сайттар мен мобильді қосымшалар) қазақстандықтардың елдегі дәріханалардан дәрілік препараттарды онлайн табу мүмкіндігі.

Дәрі-дәрмек бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және ары қарай ақпаратты берудегі ІТ-шешімдер тегін көрсетілуі керек. Осы ретте әр ІТ-компания өзінің қолданыстағы техникалық шешімімен өз платформасында дәріханалардан ақпарат жинау функциясын жүзеге асырып, ары қарай деректерді Бірыңғай агрегаторға (жалпы шешім әзірлеушісіне) беруге  құқылы.

Осы жобаны іске асыру үшін жұмыс істеп жатқан барлық дәріханалық интеграторлардан  Қазақстанның барлық дәріханаларынан дәрі-дәрмектердің бар-жоғы, бағасы туралы ақпаратты жинақтау қажет. Сондай-ақ барлық интеграторларға, дәрі-дәрмек іздеу бойынша сайттар, мобильді қосымшалар мен «боттарға» деректерді алу мүмкіндігін беру қажет.

Дәрі-дермектердің бағалары мен бар-жоғы туралы деректердің (COVID-19 індетінен емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің ғана шектеулі тізімі бойынша) жалпы ашық базасын құру – оңтайлы шешім ретінде қарастырылады. Мұндай деректер базасы нарықтағы барлық мүделлі тараптар үшін Open Data түрінде оқылымға ашық болуы тиіс. Агрегаторға қосылған әр сайт, мобильді қосымша өз пайдаланушылары үшін дәрі-дәрмектің қоймада бары, бағасы туралы ақпаратты қолдана алады.

Жобаға қатысуға ынта танытқан ІТ-компанияларды техникалық тапсырманы қарастырып, жобаны әзірлеу бойынша өзінің дайын ұсынысын мына электронды поштаға 2020 жылдың 24 шілдесі, сағат 18:00-ге дейін   жолдауын сұраймыз:  itgreen@atameken.kz.

 Шешімдер таныстырылымы және Бірыңғай агрегаторды таңдау 25 шілде, сағат 10:00-де ZOOM (https://us02web.zoom.us/j/85603093906, конференция идентификаторы: 856 0309 3906) арқылы жүргізіледі.

Анықтама ақпарат: +7 701 818 58 88 Сәбит Жаманбаев, + 7 702 888 49 09 Азамат Бейсенбенов.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер