astana-view

Ақтөбе облысының өңірлік Кеңесіне үміткерлерден 103 өтінім келіп түсті

2020 жылғы 23 Шілде
- Ақтөбе облысы
2576 просмотров

Өңірлік кеңестерге сайлауға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды. Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінен 104 өтінім келіп түсті. Олардың барлығы қазір іріктеу комиссиясының қарауында.

Келесі кезең-25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтетін үгіт-насихат науқаны. Дауыс беру 5 тамызда басталып, тамыздың11-де аяқталады. Ол сайтта онлайн-форматта өтеді vote.atameken.kz. ЭЦҚ көмегімен немесе SMS арқылы дауыс беруге болады. ЭЦҚ әдісі үшін тек ұйымның кілттерін пайдалану қажет. Сайтта SMS тәсілі үшін ұйымның БСН/ЖСН, дауыс берушінің телефон нөмірін көрсету, содан кейін алынған кодты SMS-тен енгізу қажет. Мұндай рәсім сайлаудың толық ашықтығына кепілдік береді.

Сайлау қорытындысы 31 тамызда белгілі болады. Өңірлік кеңес 60% - ға облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілерінен және аккредиттелген қауымдастықтардың (одақтардың), ӨРҰ өкілдерінен, 40% - ға аудандық кәсіпкерлік субъектілерінен тұратын болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер