astana-view

Бизнес пен халыққа ақшаны кім қайтарады? Олжас Ордабаев Алакөлдегі жағдай туралы

2020 жылғы 23 Шілде
5028 просмотров

ШҚО Үржар ауданы бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен (22.07) 2020 жылдың 23 шілдесінен бастап Алакөл көлі жағалауы аумағына демалысқа келген адамдарды қабылдауға тыйым салынды

Бизнес өкілдері: бизнесті жабдықтауға кеткен қаражатты кім қайтарады және туристер төлеген қаражатты қалай қайтару қажеттігі туралы сауал қояды.

 «Елде эпидемиологиялық ситуацияға әсер етудің мүмкін болатын бірақатар жолдары бар! Мысалы Ақмола облысының тәжірибесін алайық. Онда демалыс орындарына брондау жасаған туристерге қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, арнайы өткізу режимі ұйымдастырылған, ал басқа келушілерді кіргізуге тыйым салынған. Алакөлдің оңтүстік жағалауы ашық болуына қатысты кәсіпкерлердің дәйекетері орынды. Осы ретте Шығыс жағалауына ПТР-тестілердің немесе келушілерде жедел-тестілердің болуына қатысты қатаң талаптар қойылып отыр», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев FACEBOOK парақшасында.  

 Алакөл көлі жағалауында барлығы 185 демалыс аумағы бар (12 870 жатын орын), жұмыс істеуге дайындық актілерін 150 демалыс базасы немесе жалпы саннан 83,8%-ы алған. Кәсіпкерлер дезинфекциялық аппараттар мен құралдарды: антисептиктер, маскалар, қорғаныш кілемшелері, УКС аппараттарын, зарарсыздандыру тоннельдерін сатып алды.

 «Мұндай шешімдерді қабылдау алдында шектеу шаралары қызметіне әсер ететін кәсіпкерлермен талқылай отырып қабылдау қажет деп санаймыз. Бұл шешім бүгін тумағаны анық, тыйым салудың алдында ақпараттандыру жұмысын жүргізіп, қаулының күшіне енгеніне дейін ең кемі 5 күн ертерек хабарлауға болар еді», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер