astana-view

Алакөл қайта ашылады

2020 жылғы 24 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5791 просмотров

24 шілде күні Үржар ауданы бизнес-қоғамдастығының атынан ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Алакөл көлі жағалауындағы демалыс базаларын жабуға қатысты өз позициясын білдірді

Мүдделі тараптардың қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған бейне байланыс бойынша конференция барысында туристік базаларды бірден жабу әлеуметтік наразылыққа әкеледі деп хабарладық. Жұмыс істеуге қажетті санитарлық қорғау құралдарын сатып алған кәсіпкерлер қайтадан шығынға батар еді. Ал демалыс орнын, авиа, теміржол билеттерін брондап, ПТР тестін төлеп қойған туристер жабық Алакольге келіп, қайта қайтар еді. Осы ретте билеттер мен ПТР тестке кеткен қаражатты оларға ешкім қайтармады. Өз кезегінде туроператорларға төленіп қойған жолдамадар үшін қаражатты қайтару керек болар еді.

 ШҚО кәсіпкерлер палатасы брондау жасаған туристерге санитарлық талапатарды сақтай отырып, демалыс аймағына өткізуді ұйымдастыра алған Ақмола олысының тәжірибесін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар мұндай жаппай тыйым салу шараларды қабылдарда бизнес-қоғамдастыққа алдын ала хабарлама жасауды қажеттігін атап өттік.

 Біздің ұсыныстарымызды «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратты қолдады, ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков аталған мәселе бір күн ішінде шешіледі деп уәде берді.

 Бүгін, 24 шілдеде ШҚО Бас санитарлық дәрігерінің 18-қаулысы шықты, оған сәйкес ШҚО Үржар ауданы бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысы күшін жойды. Нәтижесінде Үржар ауданының әкімі, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Үржар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына ШҚО Бас сантарлық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияның алдын алу» 2020 жылғы 1 маусымдағы №12 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

«Біз «Атамекен» ҰКП орталық аппараты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, ШҚО әкімдігі мен ШҚО Бас санитарлық дәрігері Марат Исмаиловқа ұсыныстарымыз назарға алынып, нәтижесінде тез арада әрекет жасалғаны үшін алғыс білдіреміз», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Марипбек Шәкербек.

 https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/52292?lang=ru


Еншілес ұйымдар

Серіктестер