astana-view

Гуманитарлық көмек бақылауда                  

2020 жылғы 24 Шілде
- Маңғыстау облысы
2594 просмотров

Маңғыстау облысында  жедел жұмыс тобы Катар және Қытай Халықтық Республикасынан гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныш құралдарының облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік ауруханалар мен емханаларға толыққанды жеткізілу барысына бақылау жұмыстарын жүргізді                                                                                    

 Бақылау жұмыстарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті қызметкерлері, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев пен Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Р.Өтесбаева және Е. Әнесов, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, медициналық қажетті құралдардың жекеменшік ауруханалар мен дәріханаларға заңсыз сатылымға шығуын болдырмау мақсатында барлық кораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы мөрлер соғылды.                                                                              

Маңғыстау өңіріне гуманитарлық көмек ретінде ҚХР 6 түрлі атаудағы, Катар елінен 16 түрлі атаулы медициналық қорғаныш құралдары келді. Оның ішінде медициналық қорғаныс киімдері, хирургиялық қолғаптары, байланыссыз инфрақызыл термометрі, медициналық бетперделер, хирургиялық бетперделер, медициналық қорғаныс көзілдіріктері, арнайы қорғаныс костюмдері бар.

Сонымен қатар, Департамент жанынан құрылған жұмыс тобы гуманитарлық көмектен бөлек, дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының шектік бағадан жоғары сатылуы мен дәрілік заттардың жетіспеушілігі, сондай-ақ заңсыз сатылымға шығу деректері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізіп, нақты шараларды жүзеге асыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер