astana-view

Мемлекет қайраткері К.Ә.Сағадиевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту

2020 жылғы 26 Шілде
4496 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі отандық экономист және қоғам қайраткері Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып,  көңіл айтады

 Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген. 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласына еңбек сіңірген қайраткер. Қазақстанның бес ірі жоғары оқу орнына басшылық еткен. ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (2004-2007); ҚР Парламенті Мәжілісінің ІV шақырылымының депутаты (2007-2011) болды. Академик жеке ғылыми мектебін қалыптастырды, 455-тен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 20 монография және оқылықтың авторы.

 ҚР Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ретінде К.Ә. Сағадиев ҚР мемлекеттік бюджетті жобалау әдістемесі, экономика салаларын қаржыландыру механизмдері, Ұлттық қорды пайдалану тиімділігі, Қазақстанның әлеуметтік саласын қаржыландырудың дамуына сүбелі үлес қосты. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетіне басшылық ету кезеңіндегі қызметінде білім және ғылым саласы – адами капиталды дамыту мен нығайтудың негізгі құрауышы ретінде маңызды орын алды.

 К.Ә. Сағадиев 2-дәрежелі «Барыс», «Отан» және «Парасат» ордендерінің кавалері, сондай-ақ Еңбек Қызыл Ту ордені және Тәуелсіз Қазақстан  мен Кеңес дәуіріндегі басқа да наградалардың иегері.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер