astana-view

Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі жобалық кеңсе жеке Telegram-каналын ашты!

2020 жылғы 28 Шілде
3582 просмотров

ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР, Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі жобалық кеңсе жеке Telegram-каналын ашты!

Бұл каналда бизнесіңіздің дамуына қажетті салаларда соңғы өзгерістер туралы ақпаратты жедел әрі ыңғайлы форматта ала аласыздар.

Атап айтқанда:

-мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен несиелеу мәселелері жөнінде;

-мемлекеттік кепілдіктер алу мәселелері жөнінде;

-мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектор салаларындағы («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылар) өзгерістер туралы;

-мемлекет тарапынан бизнеске көрсетілетін басқа да қолдау шаралары туралы мәліметтер.

Несие, кепілдік немесе мемлекеттік қолдау шараларын алуда қиындықтар туындады ма? Мәселе жайында мына электронды поштаға жазыңыздар: vopros2306@gmail.com (ұйым атауы мен байланыс нөмірлерді жазуды ұмытпаңыздар).

! Барлық келіп түскен мәселелер қаралып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр және «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И. Мырзахметовтың төрағалығымен Жобалық кеңсе отырысына шығарылады.

 

*Жобалық кеңсе – кәсіпкерліктің даму мәселелері бойынша жедел әрі жүйелі шешімдерді қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметінің бірлесуімен «Атамекен» ҚР ҰКП жанында құрылған алқалық орган.

  Телеграм-каналына сілтеме: https://t.me/projectofficebusiness


Еншілес ұйымдар

Серіктестер