astana-view

Қытайда қазақстандық макарон өнімдері мен сусындарға сұраныс жоғары

2020 жылғы 28 Шілде
4541 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы пандемия басталуынан және елдер арасындағы жолаушылар тасымалының жабылуынан бастап негізгі сыртқы нарықтарда сауда және коммерциялық өкілдіктер желісін құру жөніндегі жұмысты жандандырды. Қазіргі таңда Өзбекстан және Қытайда сауда өкілдері белгіленді.

Бүгінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ҚХР-да палатаның өкілі – «Xinjiang Silk Bridge trading Co. LTD» ұйымымен бірлесіп, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық ауданында екі қазақстандық өнім: «Сұлтан» сауда белгісіндегі макарон өнімдері («Сұлтан Маркетинг») және «Global Invest International» ЖШС ұсынған сусындардың экспортын жолға қойды. «Xinjiang Silk Bridge trading Co. LTD» компаниясының жетекшісі Данияр Серікбаев:

«Отандық өндірушілердің Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен тығыз ынтымақтастығының арқасында ШҰАА-ға қазақстандық азық-түлік өнімінің сенімді экспорт каналы құрылып жатыр»,  – деп атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан Сыртқы сауда палатасына қытай сауда компанияларының өтінім жасауын есепке ала отырып, қытай тарапы импорттауға дайын отандық азық-түлік өнімедрінің тізімі жасалды. Бұл тізімге кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, ұн, өсімдік майы (күнбағыс, рапс), сусындар, бал және т.б. тауарлар кіреді. 

Қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға өткізу мәселелрі бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

ҚХР

Гауһар +7 701 749 79 90, g.zhukenova@atameken.kz,

Қастер +7 705 852 25 05, k.kyzyr@atameken.kz.

Өзбекстан

Айнұр +7 707 118 80 85, a.omirzak@atameken.kz,

Елнар +7 775 530 16 94, y.duyssenov@atameken.kz,

Лаура + 7 707 705 82 02, l.kurumbayeva@atameken.kz.

Ресей Федерациясы

Зарина +7 778 867 32 69, z.zagidullina@atameken.kz,

Абай +7 778 185 24 64, ab.abdrakhmanov@atameken.kz

Азия және Таяу Шығыс елдері

Ибрагим +7 747 470 49 25, i.bekkaliyev@atameken.kz,

Ерқанат +7 778 563 83 95, ye.zhussupov@atameken.kz

             *Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы – «Атамекен» ҰКП-ның еншілес ұйымы, оның негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызмет саласында отандық бизнестің мүддесін қолдау.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер