astana-view

Бөлшек саудада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеді – Юлия Якупбаева

2020 жылғы 28 Шілде
6912 просмотров

Дәріханалардағы дүрлікпе тоқтады. Енді рецептілер, елге бірреттік әкелім процедурасы бойынша әкелінген дәрі-дәрмектерді, соның ішінде әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары механимздерін қолдану арқылы бағалық реттеу және тіркеу мәселелерін шешу қажет

«Іс жүзінде сұрақтар көп, рецептілермен мәселе әлі шешімін таппады. Бүгіне рецепт дәрігердің қолы және мөрімен рәсімделуі керек, біз пандемия кезеңінде аталған ережені жұмсартып, дәрігердің тағайындауын, мысалға WhatsApp арқылы рецепті ретінде қабылдауға рұқсат етуді ұсындық. Ауылдарда дәрі-дәрмекпен қамту проблемасы өзекті. Үлкен қалаларда дәрі-дәрмекпен қамтуға қол жеткізілді, алайда өңірлер мен шағын ауылдарда дәрі жоқ. Үй жағдайындағы стационарлар бойынша дәрі-дәрмек мәселесі тура сондай,  олар қамтыла ма? Адамдар қайтадан үйде оңалту / емдеуді өз қаражаттарымен жүргізе ме? Тегін медициналық көмек жинақтары туралы мәселе аяғына дейін шешілген жоқ», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы филиалының директоры  Шолпан Қасымбаева тіркелмеген дәрілерді сату мәселесі туралы айтты. Бірреттік әкелім дәрі-дәрмектеріне бағалар жекелей анықталады. 

«Пандемия кезінде баға белгілеу процесін бақылауды ұсынамыз және бағалар бірыңғай болуы керек деп санаймыз. Баға тағайындаудың регрессивті шкаласын қолдануды ұсынамыз: бөлшек сауда үшін көтерме бағадан 25%-дан артық емес, және көтерме баға үшін өндіруші бағасынан 15%-дан жоғары емес», – деді Шолпан Қасымбаева.

 ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы филиалының директоры Гүлнар Әлмұрзинаның пікірінше, бірретік әкеліммен келетін дәрілерге баға белгілеуге қатысты проблема өзекті болып отыр.

 «Қазір тексерулер жүріп, қылмыстық істер қозғалуда. Бүгінде дәріханалар хаттар жазып, дәрілерді дистрибьютерлерге қайтаруды көздеп отыр. Қазір тексеруші мобильді топтар негізсіз әрекеттерге көшкен. Мұның бәрі дәріханаларда дәрілер тапшылығына оралуына әкеп соғады, немесе баға белгілеу мәселесін шұғыл шешу керек», – деп атап өтті Гүлнар Әлмұрзина.

 Дәріханалар қолданыстағы баға белгілеуге алаңдаулы, онда дәрілерге шекті бағалар 2015 жылдан бері өзгермеген. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі көтерме және бөлшек саудада сатылатын дәрілік заттардың фирмалық атауларының шекті бағаларын бекіту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектің 329 аталымы нөлдік баға көтермелеуді алған, ал 45 аталым небәрі 5%-ға баға көтермесін алды. Тағы 54 препараттың бағасын көтеру оларға белгіленген шекті бағадан төмен мөлшерде бекітілген. Дәріханалық ұйымдардың дәрілер қалдығын ескі бағада сата алу, алмауы әлі анық емес.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіріп өткендей, егер дәріханада шекті баға бойынша бұйрыққа өзгертулер енгізілмес бұрын дәрі-дәрмектердің келіп түсуі туралы жөнелтпе қағаз болса, онда дәріханалар желісі препараттарды ескі бағамен сатуға құқылы.

 Жоғарыда айтылғандай рецептілерге қатысты мәселе бар. Халық денсаулығы кодексінің жаңа редакциясына сәйкес дәрілерді дәрігердің рецептінсіз сатуға тыйым салынған. Көбі рецептілерді электронды форматта беріп жатыр, бірақ бұдан бөлек дәрігерлер үй жағдайындағы станционардағы орташа ауырлықтағы науқастарға емдік тағайындаулар белгілейді.

Дәріханалар болса мұндай рецептілерді көрмейді, өйткені олар электронды жүйеге қосылмаған. Сондықтан пандемия кезеңінде психотропты жән есірткі препараттарын есептемегенде, рецептісіз берілетін дәрілер тізімін кеңейтуді сұраймыз. Сондай-ақ тексерулердің тәртібі мен жиілігін қайта қарауыңызды сұраймыз, өйткені келішулер саны артқан уақытта тексерушілер келіп, тапсырыс берушілердің жүйкесі тозып, шағымдар түсе бастаған», – деді Шолпан Қасымбаева.

Ауылдар және шағын қалаларда дәрілерге қатысты проблема тым өзекті. «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков өзінің Семейдегі таныстарына қаладағаы дәріханаларды аралауды сұраған. Нәтиіжесінде – COVID-19 емдеуге ұсынылатын дәрілер табылмаған. Стационарлар болса емдеу хаттамасының тез өзгеріп кетуіне шағымдануда.

 «Стационарлар препараттарды енгізеді, осы арада жаңа хаттама келеді де, осыған дейін сатып алынған дәрілермен не істеуге болады деген сұрақ туындайды? – деді Төлебай Рахыпбеков. – Ауылдарда жағдай мүшкіл, осыған дейін дәрілері болмаған өңірлерде қазір тіптен ештеңе жоқ. Бәлкім дөңгелек үстіндегі дәріханалар мәселесін талқылау керек, немесе дәріханалардың ұйымдарымен келісімшаттар негізінде емханаларда мейірбикелерге дәрі сатуға мүмкіндік жасалауы керек. Сонымен қатар, біздің қауымдастық үйдегі алғашқы медициналық көмек жинағын адамдардың бар ауруларын ескере отырып, дәрі-дәрмектермен толықтыруды ұсынады». 

«Салауатты Астана» ЖШС директоры Лейла Ишбаева Ақмобла облысында 8 ауылды аралағанын, онда жалпы дайындықтың болмауын атап өтті.

«Бізде дәрілерден бөлек, ауылдарда термометр, пульсоксиметр, глюкометр, оттегі концентраторлары, ешқандай зертханалық талдаулар жоқ.  Біз екінші толқынға дайын болмақ түгілі, минус деңгейінде тұрмыз. Мейірбикелер ауруханаларға термометрлерді, дәрілерді сұйылтуға ерітінділерді өздері алады. Қыркүйекте маусымдық аурулар басталады, біз COVID-19 індетімен ауырғандарды тіпті ажырата алмай қаламыз. Қазір ритейіл бағасын төмендету үшін СК-Фармациямен бірлесіп сатып алуды іске асыру керек. Дәл қазір СК-Фармацияны коммерциялық ритейл алаңы етсек, шешім табылуы ықтимал», – деді Лейла Ишбаева.

Ұлттық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау орталығы бас директорының кеңесшісі Нұрлыбек Асылбековтың айтуынша, Сапа бақылау комитеті рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін кеңейтуге тырысты, бірақ Кодекстегі шектеулер бұл ұсыныстың жүзеге асуына кедергі келтірді. Алайда аталған мәселе ары қарай қорытылатын болады. Бірреттік әкеліммен жеткізілетін дәрі-дәрмектерге үстеме ақы белгілеу мәселесі де қарастырылып, оның нәтижелері Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберілетін болады.

 «Әркім өзінше емделді, БМСК жұмысын күшейтті, дәрілерді электронды рецептілер бойынша бөлшек сатуға платформаның дайын еместігі түсінікті. Хабарламалар бойынша біз рецептілерді қабылдай алмаймыз, бірақ ұсыныс қарастырылуда. Пандемия кезеңінде бұйрыққа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ауылдарда дәрілерді сату бөлшек сатуға барлық құқық берілген, егер фармацевтер болмаса, дәрілерді емханалар арқылы сатуға мүмкіндік беріледі», – деді Нүрлыбек Асылбеков.

Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева жоғарыда аталған мәселелерді айлап шешуге мүмкіндіктің жоғын айтты. Әр күн – адамдардың өмірі мен денсаулығын шешеді. Сондықтан бірреттік әкелім бойынша дәрілерге баға белгілеу мәселесі, ауылда дәрілермен қамту, дәрілерді электронды тағайындау бойынша сату – тез арада, бірнеше күн ішінде шешілуі тиіс мәселелер екенін айтты.

 5 тамызға дейін дәрі-дәрмектің шекті бағасын қайта қарау үшін құжаттарды қарастырып, жетіспейтін құжаттарды жинап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс тобының жұмысын жалғастыру қажет. Медицина және фарм қауымдастығы берген ұсыныстарының толық кестесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер