astana-view

Теңсіз шарттар салдарынан жекелеген өнімдердің экспорты күрт төмендеген

2020 жылғы 28 Шілде
4887 просмотров

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев отандық ұн және сусындарды экспорттаудағы теңсіз жағдай мәселесін көтерді

«Қазақстанда өндірілген ұн көптеген жылдар бойы жақын шет елдерде үлкен сұранысқа ие болып келді. Бірақ ұн өндіру өнеркәсібін дамыту мақсатында кейбір көрші мемлекеттер отандық бидай жеткізілімдеріне қолайлы жағдай жасай отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолдана бастады. Мәселен, өзінің ұлттық мүддесін қорғауды ойлаған Өзбекстан елге әкелінетін ұнға акциздерді енгізді, Тәжікстан әртараптандырылған қосылған құн салығын енгізді (сырттан әкелінетін ұнға – 18%, сырттан әкелінетін бидайға – 10%), ал Қырғызстан бидай импортына қосылған құн салығы мөлшерлемесін тіптен нөлге түсірді», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

 Спикердің айтуынша, көршілес елдердің кәсіпорындарында қазақстандық бидайды жергілікті бидаймен араластырып, түпкі өнімді қазақстандық өнім деп шығару практикасы белең алған. Нәтижесінде шетелдік өндірушілер қазақстандық ұн тартатын өнімдерді дәстүрлі сату нарықтарынан бәсекелестерді шығару арқылы өз өнімдеріне бағаны түсіріп жатыр.

 «Мұндай саясат Өзбекстан нарығына қазақстандық бидай мен ұнның жетуіне теңсіз позицияны нығайтуда. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін Өзбекстанда 10-15% мөлшерінде импортталатын ұнға акциз болған, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 684 қаулысымен импортталған астық өнімдері кеден бажынан босатылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің 02.10.2019 жылғы № ПП-4470 қаулысымен импорттық баждардың әртараптанған ставкалары – импортталған астыққа – 0%, импортталған ұнға – 10% енгізілді», – деп Палатаның Басқарма мүшесі статистикалық мәліметтерді келтірді.

 «Атамекен» ҰКП өкілі атап өткендей, нәтижесінде Өзбекстанға ұн экспорты көлемі 2012 жылы 1 243 мың тоннадан 2019 жылы 388 мың тоннаға дейін азайды, осы ретте қазақстандық бидайдың импорты 2012 жылғы 658 мың тоннадан 2019 жылы 2 187 мың тоннаға дейін өскен.

 «Алкогольсіз сусындар импорты бойынша тура осындай ситуация орын алған. Өбекстанда өндірілген сусындар Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дүкендер сөрелерін толтырды. Қазіргі таңда Өзбекстаннан Қазақстанға әкелінетін алкогольсіз сусындар кедендік баж және басқа да салықтарсыз өтеді, ал қазақстандық өндірушілер Өзбекстанға тауарларды экспорттауда кедендік құннан 25% акци салығын төлейді, бұл жайт отандық компанияларды теңсіз жағдайда қалдырып отыр», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

 Анықтама үшін: Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № ПП-3818 қаулысымен алкогольсіз сусындарға келесі акциз ставкалары қойылған: шырын және құрамында шырыны бар сусындар (СЭҚ ТН КОДЫ – 2009) – 5%; газдалған сусындар (СЭҚ ТН КОДЫ – 2202) – 25%.

 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан және Өзбекстан арасында алкогольсіз сусындар тауар айналымының көлемі келесі көрініс тапты. Шырын және құрамында шырыны бар сусындарды (СЭҚ ТН КОДЫ – 2009) Өзбекстанға экспорты 11,8 мың АҚШ долларына 22,9 тоннаны құрады, Өзбекстаннан импорт 6 124,5 мың АҚШ долларына 8 273,6 тоннаны құраған. Айырмашылық жер мен көктей. Газдалған сусындардағы теңгерімсіздік төмендеу: газдалған сусындарды (СЭҚ ТН КОДЫ – 2202) Өзбекстанға  экспорттау 200,9 мың АҚШ долларына 443,6 тоннаны құрады, Өзбекстаннан импорт 604,9 мың АҚШ долларына 373,2 тоннаны құрады.

 «Жоғарыда келтірілген дәйекетерді негізге ала отырып, бидай және ұнға қатысты импорттық баж салығының тең ставкаларын қолдану немесе нөлге теңеу, сондай-ақ алкогольсіз сусындарға қатысты акциз салығын алып тастау туралы өзекті мәселе туындайды. «Атамекен» ҰКП осы мәселелерді Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің кезекті кездесуінің күн тәртібіне енгізу туралы ұсынысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне жолдады», – деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер