astana-view

#Жақсылық жаршысы марафоны Түркістан облысында

2020 жылғы 29 Шілде
- Түркістан облысы
10057 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пандемия жағдайында тұрмысы төмен отбасылар және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған «Жақсылық жаршысы» жалпыреспубликалық акциясына Түркістан облысы кәсіпкерлері мен Өңірлік палата қызметкерлері белсенді қатысуда.

Акция аясында Түркістан қалалық ауруханасына қажетті оттегі концентраторларының бірінші бөлігі табысталып, аурухана қызметкерлерін тұрақты ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

 Сонымен қатар, Палата алаңында азық-түлік жиынтығын әзірленіп, қиын жағдайда қалған көп балалы отбасыларға жеткізілді.

«Қазір еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Көптеген ел азаматтары, кәсіпкерлер ауруханалар мен ауруға шалдыққан азаматтарға қолдан келгенше көмек көрсетуде. Бұл біздің осы көмекке қосқан кішкене ғана үлесіміз. Шетте қалмай, қайырымдылық акциясын қолдаған кәсіпкерлерімізге алғысымыз шексіз. Бұл қиындықты да бірлігіміз арқылы жеңіп шығатымызға сенімдімін. #ЖақсылықЖаршысына қосылам деушілерге есік ашық. Бірлесіп көтерген жүк жеңіл болар",-деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Айта кету керек, бұл қайырымды істер облыс аумағында кәсіпкерлерімізбен жасалып жатқан игі істің тек бір бөлігі ғана. Жергілікті бизнес пандемияның алғашқы күндерінен бастап облыс аумағында дәрі-дәрмектермен, медициналық жабдықтармен, азық-түлікпен қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда "Курорт-Барыс 2030" ЖШС басшысы Қолдасов Али-Хасан, "Жарық және құрылыс" директоры Таубай Қарабаев, жеке кәсіпкер Мұрат Рисметов, "Согдиана" балабақшасының құрылтайшысы Дильдар Хабибова,  "Қазына Жер" ЖШС басшысы Алымжан Ахметов және тағы басқа жаны жомарт кәсіпкерлеріміз көмек қолын созып, ақшалай қаражат бөлді.

Осы орайда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы өңір бизнес-қауымдастығын осы науқанға қатысып, аурухана пациенттеріне, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға және осы қиын уақытта қолдауды қажет ететіндердің барлығына мүмкіндігінше көмек көрсетуге шақырады.

Жобаға қосылуға тілек білдірген кәсіпкерлердің барлық қосымша сұрақтар бойынша "Менің Атамекен" қоғамдық бірлестігіне (жоба менеджері Әсел Мағжан +77021500719) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қаражат жинау үшін шот "Менің Атамекен" қоғамдық бірлестігімен ашылды»:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер