astana-view

Сауда және ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, туристік фирмалар мен кафелерге несие төлемдері бойынша шегерім беріледі

2020 жылғы 29 Шілде
4175 просмотров

Отандық бизнесмендерге несиелер бойынша шегерім уақытын ұзартуға немесе мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдікті шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыруға мүмкіндік берілді

 Енді олар екінші деңгейлі банктер немесе жекелеген банк операцияларын іске асыратын басқа ұйымдарға төлемдерді шегеруге қатысты электронды пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы қажетті құжаттармен қоса өтінішті бере алады.

 Бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын ұсыну, олардың қаржылық жағдайын қалпына келтіру жоспарларын іске асыру және банктік қарыз шарттары мен кәсіпкерлік мақсаттар үшін берілген микронесиелер бойынша берешек жағдайларының алдын алу шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі «Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар туралы» 15.06.2020 жылғы №251 бұйрыққа шектеулі карантиндік шараларды енгізуге байланысты қарыз алушылардың қызметін келесі редакцияда нақтылау бойынша өзгерістер енгізді:

 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шараларын енгізу нәтижесінде қызметі шектелген, тыйым салынған немесе тоқтаған банк займын және  (немесе) микронесие алушылар, сондай-ақ 11) және 12) тармақтарында көрсетілген қарыз алушылардың келісім-шарттары бойынша қайта қаржыландыру немесе төлемдерді кейінге шегеру туралы шешімді несие мекемесі қарыз алушының өтініші мен жарғысына немесе қарыз алушының жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі туралы мәліметтерге сүйене отырып, қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынбастан қарыз алушыны келесі қызмет түрлерінің бірінде қабылдайды:

1) қалааралық автобус тасымалы;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру)  өткізу;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері;

 4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлар;

5) барлық мәдени нысандар (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.);

6) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстар;

 7) фудкорттар, банкет залдары;

8) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр қызметі, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық авкопарктер;

9) азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар;

10) ауданы 500 м2 асатын азық-түлік емес дүкендер;

11) орналастыру және тамақтандыру бойынша қызмет көрсету;

12) туристік агенттіктер мен операторлар.  

 Егер кәсіпкерлерге төлемдер бойынша шегерім берілсе, онда осыған дейін кешіктірілген төлемдерді (негізгі қарыз және тағайындалған, бірақ төленбеген сыйақы) бөлу түрінде төлемдердің жаңа кестесі қарыз мерзімінің соңына дейін құрылады немесе шегерім кезеңінде қарыз мерзімі ұзартылады (тағайындалған сыйақыны есептегенде).

 Сонымен қатар, несиелік ұйым интернет-ресурстың басты бетінде және мобильді қосымшада (бар болса) келесі ақпардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді:

  1. несие ұйымынң қарыз алушыларға қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігі туралы ақпарат;
  2. қарыз алушылар қосымша ақпарат алуы үшін байланыс нөмірлерін ұсыну.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер