astana-view

«Атамекен» ҰКП 2020-2024 жылдарға инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспардың әзірленуіне қатысты

2020 жылғы 06 Тамыз
3458 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осы бағытта атқарылған жұмыс нәтижесінің бірі – ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген 2020-2024 жылдарға инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспар жобасы болып отыр.

Кешенді жоспардың жобасы «2018-2022 жылдарға ұлттық инвестициялық стратегиясы» және «Қазақстан Республикасына одан әрі инвестициялар тарту жөніндегі жол картасын» біріктірді, бұл құжаттар кешенді жоспар бекітілген соң күшін жояды.

 Кешенді жоспардың негізгі іс-шаралары келесі міндеттерді іске асыруға бағытталған:

 - басымдыққа ие экологиялық жобаларлы іске асыруға институционалдық инвесторларды, қорларды тарту;

- іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын құру;

 - статистикалық және талдамалы ақпаратты шоғырландыру, үнемі жаңартып отырумен инвесторларды қолдау жөніндегі шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;

- преференциялық режимдерді, сондай-ақ тең қаржыландыру, субсидиялау және серіктестік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

-инвесторда пайда болған мәселелерді жедел шешу мақсатында Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің алаңын пайдалану;

-салалық инвестициялық  жобаларды қолдау;

-еркін экономикалық аймақтар әлеуетін инвестциияларды тарту үшін қолдану.

Кешенді жоспар жобасы ҰКП ұсыныстарын ескер отырып жетілдірілді, атап айтқанда:

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығын төлеуден босатумен таза кірістің 10% шегінде (мәмілеге) қатысушылар арасында дивидендтер бөлу туралы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу;
  2. Жұмыспен қамту жол картасының үнемделген қаражаты шеңберінде құрылыс, жөндеу және туристік инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобаларды іске асыру;
  3. Өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін және өңдеу өнеркәсібінің өндірісін ынталандыру мақсатында тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары жанында еркін экономикалық аймақтарды құру;
  4.  Қазақстан Республикасы аумағында жер телімдері және жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай базасын қалыптастыру (соның ішінде Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және Индустриялық аймақ) және келесі ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін электрондық порталды іске қосу: бос жер учаскелері мен инфрақұрылым объектілерінің орналасқан жерінің визуалды картасы, олардың жобалық мүмкіндіктері мен қосылу мүмкіндіктері көрсетілген инженерлік желілердің схемалары және т.б.;
  5. Туристік объектілері мен жол бойындағы сервис нысандарын салу, қайта жөндеу және жабдықтауда кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын ішінара өтеу механизмін әзірлеу;
  6. жобалау, зерттеу жүргізу, конструкцияларды дайындау,   жабдықтар мен  өндірістік объектілерді салу және монтаждау, құрылыс пен монтажды техникалық және далалық қадағалауға маманданған лицензияланған және сертификатталған отандық компанияларды тарту бойынша шараларды қарастыру;
  7. денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды тарту мақсатында МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекке тарифтерді белгілеу әдестемесін жетілдіру бойынша ережелерге өзгерістерді әзірлеу және енгізу;
  8. қарыз қаражаттарының қайтарылуын қамтамасыз ету бөлігінде несие берушілердің талаптарын қанағаттандыратын мемлекеттік-жекеменшік кәсіпорындар келісімшарттарының үлгілік формаларын әзірлеу.

Қазіргі таңда Кешенді жоспар жобасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қарауына жіберілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер