astana-view

Кәсіпкерлермен кездесу

2020 жылғы 06 Тамыз
- Маңғыстау облысы
2901 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Сәкен Өтебаев келді. Онда карантин кезде өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау шаралары және іскерлердің түйіткілді мәселелерімен танысты. Оны Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев толық түсіндірді

Кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен карантинде зардап шеккен іскерлер арасында сауалнама жүргізілуде. Оның қазіргі нәтижесі бойынша кәсіпкерлер несиелерді шегеру, салық міндеттемелерін төлеу, өндіріс ауқымын азайту, шикізат құнының өсуі, 42500 әлеуметтік төлем алу, коммуналдық және ғимараттарды жалға алу төлемдері сынды бірқатар мәселелер анықталды.

Депутатқа бизнес саласының 37 түрі бойынша 1200 орта және шағын бизнес нысандары жұмысын тоқтатқаны туралы айтылды. Соның салдарынан 2 мыңға жуық  адам жұмыссыз қалды. Облыста орта есеппен өндіріс көлемі 18% кеміді.

Карантин салдарынан азық-түлік емес нысандар: 40 сауда орталығы мен 32 базар, қоғамдық тамақтанумен айналысатын 380 мейрамхана мен дәмхана, 45 көлік компаниясы, 24 сұлулық салоны, 39 монша мен сауналардың жұмысы тоқырады. Осы мәліметтермен толық танысқан халық қалаулысы кәсіпорындар жұмысын көзбен көру үшін «Берекет Ф» ЖШС-нің «Ақнек» сүт зауытына барды. Карантинде кәсіпкер жұмысын жандандыру үшін мемлекеттік тапсырыс алуды көбейтіп, провизорлық орталықтардағы науқастарды үш мезгіл тамақпен қамтуды қолға алды. Кәсіпорын екі ай сайын Беларусь елінен 50 тн құрғақ сүт өнімін алдырады. Депутат Сәкен Өтебаев мұны отандық кәсіпкерлер өндірсе үлкен жетістік болатынын атап өтті.

Мұнан соң Ақтаудағы бірқатар дәріханаларды аралап, онда дәрі тапшылығы жоқтығын көрді. Дәрі-дәрмек бағасының тұрақталғанын да байқады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер