astana-view

Еріктілер #3zhanaádet ақпараттық материалдарын таратып, кәсіпкерлер акцияға қатысып жатыр

2020 жылғы 08 Тамыз
3885 просмотров

Алматыда #3zhanaádet челленджі аясында 8 әкімшілік ауданда А4 форматтағы 12 600 постер жапсырылып, таратылды. Жұмысқа 216 ерікті жұмылдырылды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің 3500 мыңнан астам субъектісі: дүкендер, қоғамдық тамақтану нысандары, көлік жуу, базарлар, автовокзалдар, әуежайлар қамтылды. ӨКП аудандық филиалдарының директорлары нысандарға барып санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы, оны бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне сәйкес айыппұл салуға әкеп соғатыны жайында кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір өндіруші #3zhanaádet челленджіне қолдау білдірді. Маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды жиі жуып тұру сынды үш маңызды әдетке шақыратын жапсырмаларды «Радуга» ЖШС өнімдері сыртында көруге болады. Еске салсақ, СҚО кәсіпкерлер палатасының бастамасын алғашқы болып «Фирма Алекри» ЖШС қолдап, шығарытын өнім сыртына үндеу жапсырмаларын орналастырды.

«Маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол жуу сынды қарапайым әдеттерді есімізге салатын жапсырмаларды орналастыруға қатысты идеямыз жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Алғашқылардың бірі болып бізге «Алекри» құс фабрикасы қолдау білдірді. Енді міне акцияға «Raduga KDR» брендіментағы бір ірі компания  қатысып жатыр. Кәсіпорын басшылығы идеяны қолдап, өзі шығаратын «Deluxe» сұйық сабыны сыртына жапсырмаларды орналастырды», – деп атап өтті СҚО ӨКП директоры Арман Оразғұлов.

Кәсіпорын: азық-түлік өнімдерін өндіру, азық-түлік өнімдерінің дистрибуциясы, шаруашылық тауарларының дистрибуциясы және пластмассадан халық тұтынатын тауарларды өндіру сынды бизнестің 4 бағытын дамытуда. Сұйық сабын шығару бойынша цех 3 жыл бұрын ашылған.

«Deluxe» сабынын шығару «Косметикалық гигиеналық жуу өнімі» МемСТ-ке сәйкес шығарылады. Бір аусымда біз 5-6 тонна сұйық сабын немесе антисептик өндіреміз. Дайын өнім елдің барлық өңіріне жеткізіледі. Кәсіпорнымыздың басшылығы #3zhanaádet жалпыұлттық акцияны қолдау бойынша шешім қабылдап, сұйық сабын қаптамасы сыртында үш маңызды әдетті еске салатын жапсырмаларды орналастырды. Осындай әрекетпен тұтынушыларға осы әдеттер өмірімізге мықтап сіңгенін қарай қалыпты өмірге тезірек оралуымыз байланысты екенін түсіндірмекпіз», – дейді «Радуга» ЖШС жуғыш заттарды шығаратын фабрика өндірістік цехының бастығы Андрей Генне.

Жаңа әдеттерге үндейтін «Deluxe» сұйық сабынының алғашқы 200 данасы демалыс күндері Патропавл дүкендеріне түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер