astana-view

Тимур Құлыбаев ірі бизнес өкілдерін Қазақстан Президентінің елімізде іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсынған жұмысқа белсене жұмылуға шақырды

2014 жылғы 18 Сәуір
8957 просмотров

Кеше Алматыда ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев 2014 жылғы 11 сәуірде өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінде еліміздің Президенті қойған міндеттерді талқылау мақсатында отандық ірі кәсіпкерлер мен қаржыгерлердің қатысуымен бейресми кездесу өткізді.

Тимур Құлыбаев кездесуде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының қолдауымен қазіргі уақытта кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша ауқымды және нақты шаралар қолданылып отырғанын атап өтті. Төралқа Төрағасы бизнесмендерді осы міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Қазақстанның бизнес элитасы осы үрдістің көшбастаушысы болуы шарт.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қысқа уақыт аралығында билікпен сындарлы диалог орната білгендігін айта келе, кездесуге қатысушыларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңын барынша қолдануға шақырды. Бұл алаң институционалдық сипатты иеленген, сондай-ақ Парламент және мемлекеттік органдармен қабылданатын заңдар мен нормативтік актілердің мазмұнына нақты әсер ете алатын беделі бар екендігін алға тартты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің қоғамдық ұйымдарының бірлестігі шеңберіндегі ұйым ғана емес, сонымен бірге билік, бизнес және қоғам мүдделерінің үйлесімді теңгерімін өзінің ұзақ мерзімді мақсаты деп танитын, экономикалық қарым-қатынастар саласын дамытуды көздейтін белсенді, өзіне сенімді тұлғалардың ерікті және жауапты бірлестік. Төралқа Төрағасы осы басты міндетті кәсіпкерліктің әр саласына жеткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам пікірімен осы мақсатта белсенді ынтымақтастық орнату қажеттілігін баса айтты.

Тимур Құлыбаев нақты тұлғалар мысалында қоғамның әлеуметтік-жауапты және табысты тобы ретіндегі қазақстандық бизнестің оң бейнесін қалыптастыруда БАҚ рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында бизнесмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алға қойған жұмыс бағытына қолдау танытып, ауқымды бастамаға тікелей араласуға дайын екендіктерін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер