astana-view

Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне дауыс беру мерзімі 20 тамызға дейін ұзартылды

2020 жылғы 12 Тамыз
3796 просмотров

Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне кандидаттарға 20 тамызға дейін дауыс беруге болады.

Алайда 12 тамыздан бастап vote.atameken.kz сайтында дауыс беру электронды цифрлық қолтаңба арқылы ғана жүзеге асады. Ал SMS-дауыс беру тоқтатылды.

Бұл шара бизнес-қоғамдастықтың дауыс беруші өкілдері тарапынан дауыс беру санын қолдан көбейтуді болдыртпау мақсатында қолға алынды. Мұндай жайттар онлайн-дауыс беру кезінде анықталған болатын. 

Осы уақытқа кандидаттар үшін 125 мыңнан астам бизнесмен дауыс берген. Шымкент қаласынан 17,5 мыңнан астам адам, Нұр-Сұлтан қаласынан 15,1 мың, Ақтөбе облысынан 11,5 мың адам дауыс берген. 
Өңірлік кеңестерге мүшелікке 1028 кандидат қатысып жатыр. Республика бойынша өңірлік кеңестерге барлығы 456 адам өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер