astana-view

ЕАЭО тауарларының бірыңғай базасы құрылады

2020 жылғы 14 Тамыз
3762 просмотров

Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов Армения Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Мартын Саргсянның төрағалығымен бейнеконференция режимінде өткен ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің палаталары консультациялық кеңесінің отырысына қатысты

 Іс-шараға Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Владимир Улахович, Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Амангелді Давлеталиев, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Владимир Падалко және Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасы Президентінің кеңесшісі, Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасы Кеңесінің кедендік саясат жөніндегі төрағасы Георгий Петров қатысты.

 Жиында тауарлық дағдарыс және жасанды тапшылық жағдайында маркетингтік қолдау және ЕАЭО тауарларының бірыңғай дерекқорын құру, мемлекеттік сатып алу, ЕАЭО-дағы логистикалық және кедендік кедергілер саласындағы Одақтың ортақ нарығына қатысушылар үшін бар кедергілер мен шектеулер, Одақтың өнеркәсіптік өнімдеріне сұранысты қолдау үшін ЕАЭО аясында бірлескен шараларды жүзеге асыру қажеттілігі сынды мәселелер талқыланды.

 Іс-шара соңында Армения Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының 2020 жылдың қазан-қараша айларында ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің палаталары консультациялық кеңесінің кезекті отырысын өткізу бойынша ұсынысы қолдау тапты.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өзара тиімді ынтымақтастықты тежейтін кедергілер, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттері өкілдерінің алаңдарында кедергілерді талқылауға белсенді қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер